Өлең, жыр, ақындар

"Алғашқы қоңырау" саптық жиынының бағдарламасы

2023-2024 оқу жылының  1-қыркүйек «Білім күніне» арналған «Күмбірле, күміс қоңырау!» атты саптық жиынының бағдарламасы:

1-жүргізуші: (Аметова Аниса)

Қайырлы күн,  ата-аналар, ұстаздар!

2-жүргізуші: (Бақытжан Салиха)

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар! 

1-жүргізуші:

«АйСаф» жеке қыздар мектебінің «Күмбірле, күміс қоңырау!» атты Білім күніне арналған салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Мектеп деген – іргетасы білімнің,

Мектеп деген – даңғыл жолы ғылымның.

Он бір жылдық қарапайым мектептен,

Үйренеміз  дәрістердің түрін мың - дей келе, баршаңызды жаңа 2023-2024 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

1-жүргізуші:

Лүпілдеп сәби жүрегі,

Мектепке алғаш кіретін.

Оқушы болу не екенін,

Бүгіннен бастап білетін. 

Танысып Ұстаз-Анамен,

Сіңірер бойға тәлімін.

Шақырайық бірінші,

Сыныптардың әр-бірін!-дей отыра, мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерімізді, білім әлеміне бастайтын ұстаздарымен қоса,  зор қошеметпен  ортаға шақырайық! 

 

2-жүргізуші:

1 «А» және «Б» сыныбы –мұғалімі және жетекшісі Оразбақова Гүлжан Сабазқызы!

1-жүргізуші:

1 «Ә» сыныбы-мұғалімі және жетекшісі ..........

2-жүргізуші:

1 «В» сыныбы – мұғалімі және жетекшісі   ..........

1-жүргізуші:

1-Қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиынымызды «Ашық» деп жариялаймыз!

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін! (Фанфара)

2-жүргізуші:

Ту ұстаушылар: 11-сынып оқушылары – Асилбек  Салиха, Дидарқызы Ділназ

(Ту енгізіледі, Әнұран орындалады)

1-жүргізуші:

         Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда: «Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы.  Мемлекеттің басты байлығы адам болғандықтан, әрбір ата-ана саналы ұрпақ тәрбиелеуге баса мән беруі тиіс!» - деп мәлімдеме жасаған болатын. Осыған  орай биылғы оқу жылын ата-ана, оқушы, мұғалім үштігі бірлесе отырып тиімді де сапалы білім алуға, озық тәрбие жұмыстарын жүргізуге арнаймыз!-деп үміттенемін.

2-жүргізуші:

        Биыл – «АйСаф» мектебі бесінші рет «Алғашқы қоңырау» жиынын жасап, бесінші рет үлкен өмірге өз түлектерін аттандырғалы отыр.

Төрт жылда жетістікке жеттік талай,

Қатысып көп жарысқа білімге сай.

Әлі де алар асу алдымызда,

Шәкірттер барыңды сал, оқы талмай!-дей келе, «АйСаф» тәлімгерлерін оқуда – ерінбеуге, жарыста – жеңілмеуге шақырамыз! 

1-жүргізуші:

«Оқу жылы табыспенен өтсе деп,

Мектебіміз өсіп-өніп кетсе деп.

Сөз алады Маржан апай басшымыз

Жетістіктер алдан үздік жетсе!» - деп,

Мектебіміздің директоры Абдрахимова Маржан Бейсебайқызына алғашқы сөз кезегін ұсынамыз!

  2-жүргізуші:

Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы.

«АйСафтай» асыл мектепке,

Арналсын алғыс жырлары - дей отыра, биылғы бірінші сынып оқушыларының, сүйікті мектебі мен аяулы ұстаздарға арнаған  жыр шумақтарын қабыл алыңыздар!

(1-сынып оқушылары тақпақ айтады)

1-жүргізуші:

Ата-анам - мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз - дей келе, келесі сөз кезегін мектебіміздің ата-аналар комитеті атынан ардақты       .....               апайға және 1-сынып оқушысының анасы     ...........                       ұсынамыз!

2-жүргізуші:

Оқуда - озат, кіл жеңімпаз, жүйріктер,

Сөз сөйлесін енді біраз үздіктер.

Озаттарға қарап тәлім алыңдар,

Мектепке алғаш қадам басқан талапкер!

      Құрметті оқушылар! Сіздердің алдарыңызға мектебіміздің ең үздік бірнеше оқушыларын шақырамыз! Талантты да дарынды мектеп мақтаныштарының ұсыныс-тілектеріне құлақ салыңыздар!

1-жүргізуші:

      Ортаға 9 «А» сынып оқушылары Тұрсынбай Қорлан мен Дабылова Фатиманы шақырамыз!

  2-жүргізуші:

       9 «Ә» сынып оқушысы Төлеуғали Фатима мен 9 «Б» сынып оқушысы Еркін Әминаны қарсы алыңыздар!

(Қыздар ұсыныс-тілек айтады) 

1-жүргізуші:

Кенде етпестен тәрбие, тағылымнан

Талай шәкірт ұшырдың бауырыңнан.

Сол еңбектің арқасы шығар, бәлкім,

Қыздан тәлім байқалса – ортасынан! – дей келе, Алтын ұя мектебімізде биылғы қабылданған 1-сынып оқушыларына тілектерін арнау үшін, ортаға 11-сынып оқушыларын  шақырамыз!

(Оқушылар тілек айтып раскраска табыстайды)

2-жүргізуші:

Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын!

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын!

(11-сынып пен 1-сынып оқушысы қоңырау соғады)

1-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын! (Фанфара)

2-жүргізуші:

Осымен бүгінгі салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз! 

1-жүргізуші:

Амандықпен жүздескенше, қош сау болыңыздар!

Авторы: Гүлмекен Қасенбай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз