Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі — тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе?! Па, шіркін, ананың айналып- толғанғаны кімнің есінен кетеді?!
Шырылдап жерге түскеннен-ақ, сенің ең бір жақын досың, ең бір жақын ұстазың бар. Ол — ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің — ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол — ана. Ол — саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол — ана.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе, толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!
Мен білетін қазақ әйелі — қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі