Әңгіме — нақты тақырыпта екі не одан да көп адамның еркін тілдесіп, өзара ақпарат алмасу әдісі. Ол көбінесе әлеуметтік мәртебесітең адамдар немесе қызметтестер арасында, ал ресми жағдайларда мекеме басшылары мен клиенттер я жұмыс іздеушілер арасында жүргізіледі.
Әңгімелесушілерге қойылатын талаптар:
— ойды нақты, түсінікті жеткізу;
— пікірді қысқа да нұсқа түрде айту;
— өте жылдам немесе өте баяу сөйлемеу;
— сөзталасқа әкелетін тартысты мәселеден аулақ болу.
Жүргізілу тәртібі, өзіндік ережелері, қатысушылардың саны да әртүрлі болатындықтан, полилогтік пікірталастар іштей бірнеше түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының мақсаты әртүрлі болатындықтан, тілдік, ұйымдастырушылық тұрғыдан өзгешеліктің болуы заңды.
«Дөңгелек үстелге» бірнеше адам қатысатындықтан, әр қатысушыдан мәдениеттілік, жалпы әңгімені үзбей өрбітіп отыру талап етіледі. Ең бастысы — «үстелде» талқыланатын тақырыпты таңдау. Тақырып аудиторияға түсінікті, оларды қызықтыратын өзекті мәселе болғанда ғана сенім туғызады. «Дөңгелек үстелге» сол тақырыпты зерттеп жүрген не осы мәселені қоғамдық ортада жиі көтеріп жүрген, оған қатысты ақпараттық көзі жеткілікті, өзіндік көзқарасы бар арнайы маман шақырылады. Сонда ғана «үстел» басындағы әңгіме дұрыс бағытта өрбиді. Егер маман мәселені егжей-тегжейлі түсіндіре алса, тыңдаушылар да өзін толғандырған жайтты сауатты түрде түсініп, дұрыс бағдар алады. Егер талқыланатын мәселе даулы нәрсе төңірегінде болса, маманның оларға толығырақ тоқталып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін ғылыми түрде саралап түсіндіруі шарт.
«Дөңгелек үстелді» ұйымдастырудағы бір маңызды мезет — қатысушылардың дөңгелене қойылған үстел басында бір-біріне қарап отырып, бетпе-бет сөйлесуі. Бұл аудиториядағы психологиялық күйді өзгертеді: өзара теңдік және ынтымақтастық атмосфера туғызады; бір-бірінің көзқарасын жақсы түсінуге септеседі, қатысушылардың белсенділігін арттыруға әсер етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі