Өлең, жыр, ақындар

«Тартыс» ойыны

Ойын жасыл алаңда, спортзалда (маттарда немесе кілемде) өткізіледі. Саны 4-тен бастап 30-ға дейін жететін ұлдар, жасөспірімдер мен бозбалалар ойнайды. Ойнаушылар тең күштері бойынша екі құрамаға бөлініп, жұптасып тұрады. Әрбір құраманың бірінші жұптарында “жоғарғысы” өз серіктесінің арқасына отырады. Белгі бойынша жұптар бір-біріне жақындайды және «жоғарғылар» бір-бірін құлата бастайды. Ойнаушылардың біреуі денесінің әрбір бөлігімен жерге тигізсе, онда бұл жұпқа ұтылыс саналады. Бірінші жұптардан кейін екінші жұптар және т.б. күреседі.

Ең көп жеңіске жеткен құрама жеңімпаз аталады. Сосың ойнаушылар рөлдерімен ауыса алады.

Ережелер:

1. Қарсыласты киімінен тартуға рұқсат етілмейді.

2. Егер екі минуттың ішінде «жоғарғылар» бір-бірін құлатпаса, онда тең ойын саналады және кілемге келесі жұптар шығады.

Оқуға кеңес береміз:

Ұлттық ойындардың даму тарихы

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар тарихи-мәдени мұралардың бірі ретінде


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз