Қиындық – түбі жеңіс.
(Сахнада ер адам ноутбукпен бір нәрсе жазып отырады. Сосын қолындағы сағатына қарап, ұлы мен қызын шақырады)
Әкесі:
- Алмас, Айнаш, Айшуақ! Есептерің дайын ба? Құжаттарды жылдам әкеліңдер! Сендерге берілген уақыт аяқталды.
(Сахнаға ұлы шығады)
Алмас:
- Әке, мына берген тапсырмаңыз алдындағыдан да қиын ғой? Ғаламторда мұндай құжаттар жоқ екен. Каргоның менеджеріне звондап, жалынып, өзімнің тегін қызметтерімді ұсынып жатып, зорға таптым үлгісін. Мінекиіңіз! Егер осы жолы көбірек төлесеңіз, келесі жолы бұдан да қиын құжаттарды жасап беремін, бұйыртса...!
Әкесі:
- Дұрыс! Өз еңбегің үшін ақша сұрауға арланбағаның дұрыс. Сонда қанша сұрап тұрсың?
Алмас:
- Маған логист Қайрат ағамен бірдей жалақы төлеңізші..? Мен ол кісімен бірдей жұмыс атқарып жүрмін ғой?
Әкесі:
- Жоооқ! Саған әлі Қайрат ағаңа жету қайда? Оған айына 5 миллион төлеймін. Ал сен әлі логистиканың әліппесін үйреніп жүрсің!
Алмас:
- Айтыңызшы... Ол кісі соншалықты несімен артық? Мен де Қайрат аға жұмыс жасайтын сайттарды түгел білемін. Бухгалтерлік есепті де үйреніп алдым. Жарнаманы түгел өзім жасап жүрмін. Транспорттық бақылауды да күні-түні назардан тыс қалдырған емеспін! Атқаратын жұмысым Қайрат ағамен бірдей, бірақ алатын ақшам өте аз. Олай болмайды ғой?! (Өкпелеп, теріс қарайды)
Әкесі:
- Дұрыс балам. Жарайсың! Онда мен саған әзірге миллион теңге айлық тағайындаймын. Егер бос кезіңде Қайрат ағаңа көмектесіп, жұмыстың барлық қыр-сырын меңгеретін болсаң, айлығыңды көтеремін!
Алмас:
- Рақмет әке! Үйренемін! Бүгіннен бастайтын боламын!
Әкесі:
- Ал егер бір сабағыңнан болсын 4-ке шығып қалсаң, бір тиын да бермеймін. Есіңе мықтап сақтап ал!
Алмас:
- Білемін әке! Сіздің тапсырмаларыңыздың жанында, мектептің тапсырмасы ойыншық болып қалады екен... Түсіндім. Мен кеттім! (Қуанып, секіріп-секіріп сахнадан шығып кетеді. Сахнаға Айнаш пен Айшуақ шығады.)
Әкесі:
- Айнаш, Айшуақ келіңдер! Айнаш қызым, мен айтқан монтажды жасадың ба?
Айнаш:
- Әке, мен небәрі алтыншы сынып қана оқимын ғой? Мына қиын монтажды қалай жасайды деп ойласыз?
Әкесі:
- Қыздарым, сендер менің не айтқанымды түсінбегенсіңдер-ау деймін?! Біздің ұран қандай?
Айнаш пен Айшуақ бірге:
- «Білмеймін, мүмкін емес, болмайды, жасай алмаймын, қиын» - деген сөздерді ешқашан айтпау!
Әкесі:
- Олай болса неге жыламсырап тұрсың? Бар да мен айтқан арнайы эффекттерді бейнероликке қалай қолдануды мобилографтардың сабақтарынан тауып көр! Жасамай келуші болма! Арманың қандай еді сенің? Мектепті нашар оқып бітіріп, ерте күйеуге шығып, бір жерде жалдамалы жұмысшы болу ма? Әлде... ең қиын тапсырмаларды өз бетіңмен орындап үйреніп, мектепті алтынға бітіріп, болашақта ең бай корпарацияның президенті болу ма?
Айнаш:
- Әрине екіншісі... Бірақ әке... мектепті бітіруге әлі көп уақыт бар ғой?!
Әкесі:
- Қызым, біздің әр секундымыз алтынға пара-пар! Миың таза, тұнық кезде барынша көп нәрсе үйреніп қалуың керек?! Кемі он тіл үйренуің керек! Әлі үш-ақ тілде сөйлеп жүрсің. Жапон, қытай, кәріс, француз тілдеріне қашан кірісесің?
Айнаш:
- Кірісіп кеттім әке! Сенбесеңіз осы тілдерде тақпақтар айтып берейік пе?
Әке:
- Айтып көріңдер! Егер уақытымды құры өлтіріп, шатасып, ұмытсаңдар, тағы да тапсырма беремін!
Айшуақ:
- Әке, әзірге тапсырма бермеңізші...! Мен қытайша және жапонша тақпақ жаттап келдім! Әпкем французша және кәрісше жаттап келді. Екеуміз де барлық сабақтардан беске оқып жүрміз!
Әкесі:
- Ал, бастаңдар полиглоттар! Уақытымды бос сөзбен ұрламаңдар!
(Айнаш пен Айшуақ тақпақтарын айтады.)
Әкесі:
- Жақсы! Бүгінше болады. Келесі жолы екеуіңді фирмаға апарамын. Сол жерде қытай, кәріс, жапон, француз азаматтарымен сөйлестіремін. Екеуің маған болашақ аудармашы ретінде де қажетсіңдер! Дөй дала тақпақ жаттай бермей, бизнес терминдерді жаттаңдар! Қытайлармен келіссөздерге барғанда, керемет аударма жасап бергенің 1 миллион аласың. Ал мен кеттім! Оқыңдар, ізденіңдер, үйреніңдер! Қазір басы істейтіндердің ғана заманы туды! Кешке не үйренгендеріңді тағы сұраймын. (Әкесі шығып кетеді)
Айнаш:
- Жақсы әке! Жолыңыз болсын!
Айшуақ (жұлынып, бұртиып отырып қалады):
- Фу! Оқығым келмейді!
Айнаш:
- Жаңа неге әкеге айтпадың?
Айшуақ:
- Айтсам ұрсады! Күні-түні тіл үйрене береміз бе? Шаршадым.. ойын ойнағым келеді..?!
Айнаш:
- Аятай, маған қарашы? Әкем бізді не үшін осылай қинап жатыр деп ойлайсың?
Айшуақ:
- Білмеймін... іші пысқан соң шығар?!
Айнаш:
- Тапқан екенсің іші пысатын адамды...! Біздің әкеміз өте табыскер, мықты бизнесмен, миллиардтаған ақшасы бар адам! Егер қарапайым адам болса, бізді бұлай қинамайтын еді. Өзі кішкентай кезінде қалай оқыды, бізге де соны үйретіп жатыр... Сондықтан үйрене берейік?! Әлі көресің, біз он тілде еркін сөйлегенде, бізге елдер миллиардтаған ақша төлеп, өздерімен бірге әлемді аралауға шақыратын болады. Еңбек түбі – береке, қиындық түбі – мереке, табандылық түбі – жеңіс! - деген. Әлемді тегін аралағың келсе тіл үйренейік, көп ақша тапқың келсе білім үйренейік! Жүр, босқа отырмайық?!
(Екеуі сахнадан кетеді. Сосын төртеуі бірге сахнаға қайта шығып, елге сәл бастарын изеп, қайта кетеді)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі