Өлең, жыр, ақындар

Қоғам және тұлға.

    Әрбір қоғам – жеке тұлғалардың біртұтас жүйесі. Қоғамның дамуы жеке адамдардың әрекеттеріне, көзқарастарына, қабілеттеріне тәуелді болса, тұлғаның қалыптасуы сол қоғамдағы құндылықтармен, тәрбиемен және орта әсерімен байланысты. Бірақ қазіргі заманда жеке тұлғаның еркіндігі мен қоғам алдындағы жауапкершілігінің арақатынасын қалай реттеуге болады?

   Қоғам мен тұлға – бірін-бірі толықтыратын, тығызбайланысты ұғымдар. Қоғамда жеке адамның рөлі маңызды болса, тұлға өз дамуын тек қоғам арқылы жүзеге асыра алады. Тұлға дегеніміз – өзіндік пікірі, құндылықтары және мақсаттары бар адам. Ал, қоғамдегеніміз  – адамдардың өзара байланысы мен ортақ өмір сүруінің жүйесі. Мысалы, Абайдың танымал “Толық адам” ілімі бойынша, адам тек өзінің рухани дамуын емес, қоғам алдындағы міндетін де ұмытпауы керек.

     Заманауи әлемде еркіндікке ұмтылыс жиі талқыланады. Алайда тұлғаның еркіндігі қоғамның шекарасымен шектеледі. Мәселен, заң мен мораль. Әрбір азамат өз пікірін білдіруге құқылы, бірақ ол қоғамның тұрақтылығына зиян тигізбеуі тиіс. 2024 жылғы әлеуметтік зерттеулер нәтижесіндегі статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың 74%-ы өз пікірін еркін білдіруді құндылық деп санайды, бірақ соның ішінде 45%-ы қоғам пікірінен қорқатынын мойындайды.

   Қоғамға әсер ететін тұлғалар. Тарихта қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар көп. Мысалы, Алаш қайраткерлері – қазақ қоғамына ұлттық сана мен азаттық идеясын сіңірді. Заманауи көшбасшылар – бүгінгі қоғамдағы өзгерістерді басқаратын адамдар, мысалы, ғалымдар, еріктілер, кәсіпкерлер. Мұндай тұлғалар өз идеяларымен қоғамды ілгерілетіп, рухани және материалдық құндылықтар ұсынады.

   Қоғам мен тұлға арасындағы тепе-теңдік – дамыған мемлекеттердің негізі. Әрбір адам қоғамның бір бөлшегі екенін түсініп, өз іс-әрекеттерімен қоғамға пайдасын тигізуі керек. Қоғам болса, әрбір тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасауы тиіс. Әрбір тұлға – қоғамның айнасы екендігі ұмытпайық!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жансая Кайратқызы


Пікірлер (1)

Аяулым

Оте кушты

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз