Өлең, жыр, ақындар

"Қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігі"

"Қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігі"

     Қазақ қоғамында әйелдің рөлі мен құқықтары ғасырлар бойы өзгеріске ұшырап отырды. Дәстүрлі көшпелі қазақ қоғамы әйелді әрқашан сыйлап, қадірлеген. Алайда отбасылық және әлеуметтік тұрғыда олардың рөлі маңызды болғанымен, мәртебесі ер адамдармен тең болмады. Бұл жайында әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер мысал бола алады.

    Патриархалды қоғам қазақ жерінде тарихта да, қазіргі күні де белең алып жатқаны сөзсіз. Бұл құрылым әйелдердің құқықтарын шектеуге ықпал етті. Тек Тәуке ханның тұсындағы «Жеті жарғы» заңында ғана әйел құқығы жазыла бастады. Бірақ бұл заңда әйел тек ұрпақ жалғастырушы ретінде ғана қарастырылды.

   Қазақ қоғамында әйелдерді шошытатын салт-дәстүрлер бар, және оларды кейбір адамдар әлі күнге дейін қолданады. Мысалы, қалың мал беру, қыздың еркінен тыс күйеуге беру, әмеңгерлік, алып қашу дәстүрлері бұрынғы заманда қалыпты жағдай саналған. XIX-XX ғасырларда қазақ әдебиетшілері әйел теңсіздігі мәселесін қолдау мақсатында шынайы оқиғалар негізінде романдар жаза бастады. Мысалы, М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Еңлік-Кебек» шығармалары, Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы, А. Құнанбаевтың өлеңдері осы тақырыпты көтерген. XX ғасырдың басында Алаш Орда қайраткерлері әйелдерге білім беру және олардың құқықтарын қорғау мәселесін көтерді.

    Қазіргі таңда әйелдердің құқығы мен теңдігі тұрақталып келеді. Қазақстанда әйелдер саны халықтың 51,2%-ын құрайды, бұл шамамен 10 миллион әйел. 2009 жылы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң қабылданды. Алайда бұл заңның күші жеткіліксіз деп әйелдердің үштен бірі есептейді.

    Қазақстан 2017 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумда гендерлік теңдік индексінде 144 елдің ішінде 51-орынға ие болды. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әлі күнге өзекті. Мәселені шешу үшін зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде заңдастыру, жазаны қатаңдату және әйелдердің құқықтарын қорғайтын кодексті жақсарту қажет.

Әйелдердің құқықтарын қорғау – қоғамның басты міндеті!

 

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Мусабек Мерғалым


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз