Тіл үйренудегі алғашқы қадамдардың бірі – мақсат таңдау. Оларсыз қарқынды дәл өлшеу мүмкін емес. Оданбөлек нақты мақсат құрған жоспарыңызға тез жетуге көмектеседі. Бұл үрдіс жұмысқа тез кірісуге септігін тигізеді. Мына бағыттарды ұстаныңыз: Нақты көрсеткіштерге қараңыз. Жоспарларыңызды егжей-тегжейлі көрсетіңіз. Оқулықты оқуға қанша уақыт жұмсайтыныңызға емес, не білгіңіз келетініне назар аударыңыз. Дұрыс емес қойылған мақсат былай көрінеді: осы аптада мен ағылшын тілін күн сайын 30 минуттан оқимын. Ал дұрыс қойылған мақсат: мен осы аптада тағамға қатысты 25 жаңа сөз үйренемін. Қысқа мерзірді шағын мақсаттар қойыңыз. Жылдың соңында ағылшын тілінде еркін сөйлігіңіз келсе жоспарды айларға бөліңіз, мысалы, осы айдың соңына дейін мен тоңазытқыштағы азықтардың барлығын ағылшынша айтатын боламын.
Түрлі дереккөздерге сәйкес, ағылшын тілінде 600 мыңнан 1 миллионға дейін сөз бар. Әрине, олардың барлығын үйрену мүмкін емес және еш маңызы жоқ: сонау 1993 жылы филолог Эдвард Фрай ең көп таралған 100 сөз ағылшын тіліндегі барлық мәтіндердің сөздік қорының жартысын құрайтынын анықтады. Фрай сонымен қатар ағылшын тіліндегі барлық мәтіндік ақпараттың 90%-ы 1000 сөзге келетінін есептеді. Ең алдымен осы 1000 сөзді үйрену керек.
Тіл үйренуді тездетуге көмектесетін көптеген арнайы әдістер бар. Мысалы, жаңа сөздерді үйренудің ең жақсы тәсілдерінің бірі - карточкалар. Карточканың бір жағында шет тіліндегі сөз жазылса, келесі бетінде қазақ тіліндегі мағынасы беріледі. Мұндай тәсіл тез жаттауға көмектеседі және бұл әдістің тиімділігі дәлелденген.
Жаңадан бастаушылар үшін бұл мәселе тым күрделі болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде бәрі өте қарапайым. Тілді үйренудің тағы жақсы әдісі фильмдер мен сериалдарды сол тілде көру. Ал бастапқыда қиындау болса субтитрмен көрген абзал. Бұл тәсіл өте тиімді. Мысалы, Данияда кинотеатрларда америка мен британия фильмдерін дубляжсыз субтитрмен береді. Сондықтан мұнда 86% тұрғындар ағылшын тілінде сөйлейді.
Оқуға кеңес береміз:
Ағылшын тілін тез үйрену үшін керекті 400 сөз
Зерікпей ағылшын тілін қалай үйренуге болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі