Өлең, жыр, ақындар

Міржақып Дулатұлы- Алаш арысы, ұлт ұстазы

Міржақып Дүлатұлы - Алаш арысы, ұлт ұстазы

Міржақып Дулатұлы алаш қоғалысының арыстарының бірі , ұлт жанашыры , қоғам қайраткері, ұлы адам. Өз өмірін халқына арнап, қазақ санасын оятуда жанын пида еткен ағартушы. Оның шығармалары , шығармаларындағы идеялар әлі күнге дейін өзекті. 
Өмір жолы
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада Торғай облысының (қазіргі Қостанай облысы) Жангелдин ауданында дүниеге келген. Әкесі Дулат қарапайым, бірақ көзі ашық, көкірегі ояу жан болған. Ол баласына білім беруді басты мақсат етіп, Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Кейіннен жас жігіт орыс-қазақ мектебінде білім алып, ұстаздық жолын бастайды.

1904 жылы Міржақып Орынборға барып, Ахмет Байтұрсынұлымен танысып, оның ағартушылық идеяларын бойына сіңіреді. Осы кезеңде ол Алаш қозғалысының идеяларын қолдап, саяси және әдеби қызметке араласа бастайды

Еңбегі

"Көзіңді аш, оян қазақ , көтер басты,

Өткізбей қаранғыда бекер жасты.

Жер кетті , дін нашарлап, хал апарм боп,

Қарағым енді жату жарамас-ты"

Қалың ұйқыда жатқан қазақты оятуға шақырған, әр жерде тарыдай шашылған қазақты есті жинасын жүректегі намысты оятып, бірлікпен білімге шақырған Міржақып Дулатұлы.
Қазақтың кең байтақ елінде орыс үкіметінін қатыгез әрі қу саясатында өз туған жерінде қиналған қарапайым қазақтың жанын түсініп, сол кездегі өзекті мәселелерді көтеріп қатыгез Орыс үкіметіне қармастан өз шығармаларын жазған:

"Оян қазақ"(1909ж.) - бұл жинақ қазақ халқын ұйқыдан оянып, тәуелсіздік пен білімге ұмтылуға шақырған туынды болды. Бұл кітап патша үкіметінің қудалауына ұшырап, автордың өзі де қуғынға түсті.

"Бақытсыз Жамал" (1910ж.) - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығармада сол кездегі өзекті  мәселе әйел теңсіздігі қозғалған. Қазақ әйелдерінің тағдыры, әлеуметтік теңсіздік, ескі салт-дәстүрдің зардаптары бейнеленген.

Міржақып Дулатұлы журналистиканын жолын кеңінен ашқан.  "Қазақ"  газетінің редакторларының бірі ретінде де қазақ халқының саяси, мәдени және экономикалық мәселелерін көтеріп отырды. Ол Алаш қозғалысын қолдап, қазақ жерінің біртұтастығы мен тәуелсіздігі үшін күресті.

Міржақып Дулатұлы- қазақ халқынын ұлттық санасын оятқан ұлы тұлғалардың бірі. Міржақып Дулатұлының қазақ тарихынды орны ерекше тайға таңба басқандай болып қалатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз