Энергетикалық құндылығы – 66,7 ккал, ақуыздар – 3г, майлар – 4,2г, көмірсулар – 4,5 г.
Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінің түсі аппақ болады. Ал оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Ең маңыздылары - А, С, В1, В2, В6, В12 витаминдері, аминқышқылдары, ферменттер мен микроэлементтер. Сиыр сүтінің құрамында аз кездесетін элементтер ешкі сүтінде өте мол. Бір ғана кобальт басқа жануарлардың сүтіне қарағанда ешкі сүтінде 6 есе жоғары болады. Кобальт ағзадағы қан айналымды жақсартып, зат алмасу процесіне жағымды әсер етеді.
Ешкі сүтіндегі тағы бір маңызды элемент – калий. Бұл жүрек-тамыр жүйесінде ақауы бар жандар үшін ең қажетті элемент.
Калий мен магний ағзадағы зиянды элементтер – стронций мен радионуклидтерді шығаруға көмектеседі. Сондықтан үлкен қала тұрғындарына ешкі сүтін ішу ұсынылады.
Магний жетіспеушілігі қауіпті ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін. Адам ағзасы тәулігіне 400 мг магний қажет етеді. Осы қажеттілікті ешкі сүтінен алса, холестеринді азайтып, бүйрекке тас жиналуының алдын алады. Сондай-ақ қан қысымы қалыпқа келеді.
Назар аудар:
Ешкі сүтін Гиппократ құрт ауруымен ауырғандарға ем ретінде ішуді ұсынса, Ибн Сина айналасындағыларға: «Балаларыңның алдында қартайып, мүсәпір халге жеткілерің келмесе, ешкі сүтін ішіңдер» деп, ұзақ жасауға пайдасы зор екенін атап өткен екен. Педиатрияда жаңа туған нәрестенің іш жүруін қалыпқа келтіру үшін ең бірінші ешкі сүтін береді және ана сүтін алмастыра алады, бірақ баланы ана сүтінен айырмағаныңыз жөн. Артық салмақ тастағысы келетін жандарға да ешкі сүтін ішу ұсынылады. Оның құрамындағы май адам денесіне артық май болып жиналмайды. Суық тигенде де пайдасы мол. Онкологиялық аурулардың алдын алады. Аяғы ауыр келіншектер ешкі сүтін ішсе, баланың қаңқасы, тістері жақсы дамиды.
Назар аудар:
Сүттен жасалатын коктейльдердің керемет рецептері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі