Өлең, жыр, ақындар

Мен армандаған мамандық

Бала күнімізден болашағымыздың қандай болатынын армандап, елестетеміз. Қандай мамандық таңдаймыз? Болашақты кім боламыз? дегендей ойлар  әр баладан ,жасөспірімге дейін бар. Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды әрі жауапкершілікке толы қадам. Мамандық таңдауда жүрегіміздің  үнін тындап , армандаған мамандықты таңдағанымыз дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі өзіне ұнайтын мамандық таңдаған адам суда еркін жүзетін балық секілді.

 

Мен армандаған мамандық , бала кезгі арманым журналистика мамандығы. Кіші кезімнен медиа саласына, шығармашлыққа жақынмын. Бала күнімнен мәнерлеп оқу жарыстарына қатысып, жүлделі орындар алып, шағын өлендерде шығаратынмын. Журналистика таңдау себебім халық пен билік арасында алтын көпір болу. Халықтың айнасы, жаңалықтың жаршысы болып, халыққа көмектесу жанайқайына құлақ асу. Журналист мамандығы әділдікті , қайсарлықты , білімділікті,  әр оқиғаны жүрегінен өткізе алатын сезімталдықты талап етеді. Мен журналист мамандығын таңдауға әсер еткен тағы бір фактор өзіміздің журналист аға әпкелеріміз атап айтсам: Камал Смаилов, Нұртілеу Иманғалиев , Бейсен Кұранбек ,Дана Нуржігіт, Дина Төлепберген айта берсем өте көп. Осы аталған журналистерге еліктеп халқыма пайдам бар журналист болсам деп көп армандадым. Қәзір осы арманға жетуде әрекет жасаудамын. Себебі Абай атамыз “ Сен де бір кірпіш дүниеге , кетігін тап та , бар қалан! „  демекші осы арманымның орындалуын мақсат етіп қойып отырмын. Журналистика шанрағы ҚазҰУ оқу орнына түсіп, мықты журналист маманы болуды мақсат қойдым. Халықты түсініп, ұлтжанашыры халықтың дыбысы болғым келеді . Еліміздегі өзекті мәселелерді көтеріп оларда шешу жолына үлес қосам деймін.

Қазіргі таңда өтірік , дәлелденбеген сапасыз ақпараттарды халыққа ұсынатын мамандарда аз емес . Менің ойымша әр халыққа беретін  ақпарат сапалы , мағналы , әрі  дәлелденген , түсінікті сонымен қатар өзекті ақпарат болу қажет.   Сол үшінде мен болашақта халыққа жақсы , сапалы ақпарат беру үшін өз ісімнің маманы болғым келеді. Өз арманыма жету үшін алдыма жан салмай , сынақтардан өту қажет екенін жақсы түсіндім.

Қорытындылай келе, мен өз армандаған мамандығым журналистика маманы болу үшін мамандықтын қыры мен сырына үңіліп, қиындығы мен қызығына қатар төзіп , өз арманыма жетсем деймін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар