Қоғам мен тұлға – бірін-бірі толықтыратын ажырамас ұғымдар. Адам белгілі бір ортада дүниеге келіп, сол қоғамның бір бөлшегіне айналады. Оның мінез-құлқы, көзқарасы, мақсат-мұраты әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасады. Керсінше, әрбір тұлғаның іс-әрекеті мен ой-пікірі қоғамнығ дамуына ықпал етеді. Қоғам тұлғаның қалыптасына қалай әсер етеді? Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Оның рухани және мәдени дамуы, дүниетанымы әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Қоғам тұлғаның қалыптасуына келесі негізгі факторлар арқылы ықпал етеді: Отбасы – баланың алғашқы тәрбиесін қалыптастыратын негізгі маңызды институт.
Білім беру жүйесі – адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімі мен біліктілігін арттырады. Мәдениет пен дәстүр – тұлғаның ұлттық болмысын айқындайды.
Қоғамдық орта – әлеуметтік байланыстар, достар, әріптестер адамның көзқарасын қалыптастырады.
Тұлғаның қоғамға ықпалы қандай? Тарихта қоғамның дамуына ықпал еткен көптеген тұлғалар бар. Олардың идеялары мен еңбектері бүкіл бір ұлттың немесе өркениеттің бағытын өзгерткен. Мысалы:
Әл-Фараби – ғылым мен білімнің дамуына ықпал етіп, кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра қалдырды.
Абай Құнанбайұлы – халықты ағартушылыққа, білімге, адамгершілікке шақырды.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен ұлттық сананың қалыптасуына зор үлес қосты.
Тұлға – қоғамның айнасы. Оның жетістіктері мен кемшіліктері сол кезеңдегі әлеуметтік жағдайдың көрінісі. Егер қоғам тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасаса, онда елдің мәдениеті мен экономикасы да ілгерілейді.
Қоғам мен тұлғаның үйлесімді дамуы: Қоғам мен тұлғаның дамуы өзара тығыз байланысты. Қоғам тұлғаға мүмкіндік жасаса, ал тұлға қоғамның дамуына үлес қосса, мемлекеттің болашағы жарқын болмақ. Бұл үшін:
Әділетті әрі демократиялық қоғам құру қажет.
Білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Жеке тұлғаның еркін ойлауына және өзін-өзі дамытуына жағдай жасалуы керек.
Қоғам мен тұлға – өзара байланыстағы ұғымдар. Тұлға қоғамды қалыптастырады, ал қоғам тұлғаны жетілдіреді. Сондықтан кез келген мемлекеттің дамуы білімді, саналы және жауапкершілігі мол азаматтарға тікелей байланысты.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рысдаулетова Гүлсезім Саятқызы
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі