Өлең, жыр, ақындар

Мен армандаған телевизия

Бүгінгі таңда мен білетін ортадағы жастарға телевизия мүлдем қызық
емес.Иә,қарттар арасында теледидар жиі көріледі.Бірақ,жастар мәселесінде
телевизия қаралымы төмен.Ұялы телефон,басқада гаджеттердің теледидар
қызметін атқара алуының нәтижесінде телевизия саласының мән-мағнасы
қалмағандай.Өкінішке орай,Қазақстан телевизиясы алдыңғы қатарда деп те
айту.Ол енді ғана даму үстінде.
Менің ойымша,қазіргі халықты телевизиядан гөрі TikTok,Instagram,Telegram
сияқты желілер қызықтырады.Оған дәлел өз көз алдымда болған оқиғамен
бөлісейін.Қазір жол апаттары жиі орын алады,сондай жол аппаттардың бірін
өз көзіммен көргенмін.Адам өлім мен өмір арасында арпалысып жатқан
кезде,сыртынан осы жағдайды видеоға түсіріп жатқан жанды көрдім.Әрине
сондай жағдайларды түсіріп алып, интернет желілеріне салып
жібереді.Мұндай адамдар қоғамға қауіпті деп ойламайсыз ба ?Неге деп
ойлайсыз ба?Себебі,телевизияның жаңалықтар бөліміне өз ықпалын
тигізіп,жалған ақпарат таратады.Осындай жағдайлардың әсерінен телевизия
саласының да қаралымдары төмендеуде.Мысалға:мен өзім уақытым бос
кезде шетелдік киноларды көруді тандаймын.Себебі Қазақстанда тартымды
туындыларды кездестірмедім.Зорлық-зомбылыққа қарсы екенің кинолар
арқылы насихаттайды.Ал бұл жас баланың психикасын бұзады деп
ойлаймын.Басқада жанрларды қарастыру керек сияқты.Баяғыда бала
кезімде телевизия өте тартымды,қызықты болатын.Балапан
телеарнасында:Алпамыc батыр,ертегілер,аңыздар,дәстүрлі ойындар сияқты
туындылар көрсетілген.Қазірде солар қайта көрсетілгенің
армандаймын.Еліміздің тарихы,қалай жер үшін күрескен
ата-бабаларымыздың ерліктерін,қазақи салт-дәстүрлерді,қазақтың кең
байтақ елін насихаттаса,бәлкім қазіргі жастар өз тілдерін шұбарлап
сөйлемей,салт-дәстүрімізді жатқа білер ме еді?Тағыда қосарым кино
саласында хиджаб кигендер,әртүрлі діндер көбейуде.Ата-бабамыздан келе
жатқан өзіміздің дініміз бар, біздің халық кимешек,сәукеле,орамал,құндыз
бөрік,шапан сияқты киімдер киген.Біздің қазақи құндылығымыз шетелдік
киімдерге,салт-дәстүріне,киноларына әрі қарай ауысып кетпеуіне кім кепіл
бере алады?Сондықтан мен өзіміздің қазақтың иісі шығатын
кино,мультфильмдер,қазақы салт-дәстүрлі әншілер,домбыра тартқан,күй
шерткен жандардың танылуы мақсатында да журналистика саласын таңдап
отқаным бар.Осыған бір үлесімді қосқым келеді.
Осылайша,мен өз басым телевизия саласын пайдалы жаққа дамытуды
қолдайтындардың қатарындамын.Келешекте қазақтар кім?Тарихы қандай?
десе батырлар,жырлар,аңыздарымыз арқылы танитын туындыларды келесі
ұрпаққа қалдыруымыз керек.Тарихты білмей,болашақты болжау қиын
демекші,өз отандастарымызды қолдап,халыққа да пайдамыз тисе біз жақтан
үлкен көмек деп білемін.Телевизия мен ақпарат қатар жүретін сала
болғандықтан,ақпаратсыз адам дамида,болашағын елестете де
алмайды.Мен болашақта осы саланы қолға алып,әлемге Қазақстан телевизиясының үздік екенін көрсететін боламын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз