Ең әуелі,шетелдік корреспондент дегеніміз кім?Шетелдік корреспондент-кәсіби тұрғыдан
білікті және медиа саласында білімі жоғары тұлға деп есептеймін.Бұл қоғамда елеулі орын
алатын ,өте күрделі және жауапты мамандықтардың қатарына жатады.Бір ерекшелігі олар
шекаралардан асып ,әлемнің әртүрлі бұрышында болып жатқан жағдайларға куә
болып,халыққа объективті ақпарат ұсынуға тырысады.Олар тек ақпаратпен бөлісіп қана
қоймай,әр халықтың мәдениетімен,өмір сүру салтымен танысады.Халықтың үнін,
мәселелерін тыңдап, дүниежүзіне жеткізетін адам.
"Өлім-қас-қағым сәтте"демекші тілшінің әр сапары – белгісіздікке толы. Көзін жұмып,
тағдырға сеніп, ұшаққа отырады. Кейде өмір мен өлімнің шекарасы көзге көрінбейтін
жіптей ғана, кез келген қате қадам – қауіпке бас тігудің кепілі.Шетелдік корреспонденттің
жұмысы сырт көзге өте қызықты болып көрінгенмен,бұл жұмыс батылдық пен өжетілікті
талап етеді.Өз елінен тыс жерде қызмет атқару кез-келген тілшінің қолынан келеді деп
ойлайсыз ба? Бірінші кезекте, бұл мамандық стресс деңгейінің жоғары болуымен
сиппаталады.Мәселен, өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп,жәбірленіп қалған жағдайлар да
кездеседі.Салдарынан, психологиялық. күйзеліске ұшырап,моральды тұрғыдан да сыңып
кетуі мүмкін.Өз-өзіне қол жұмсау,өмірмен қоштасу деген жағдайлар осыдан бастау алмай
ма?Сыртқы жылтырақтың артында адам жанының ауыртпашылығы бар дей отыра екінші
мәселеге кезек берсек,шетелдік корреспондентке қойылатын шектеулер.Яғни,жұмыстары
цензураға ұшырауы мүмкін. Мысалы, 2021 жылы Қытайда BBC тілшісі Джон Судворт
елдің Шыңжаң аймағындағы ұйғырлардың жағдайы туралы репортаж жасағаннан кейін,
ел билігі оны қудалап, елден кетуге мәжбүр етті.Нәтижесінде, тілшілер өз ақпаратын
дәлелдеу жолында күресуге мәжбүр болады. Бұл жағдайдан кейін шетелдік тілшілер сабақ
алды деп ойлаймын. Себебі,сырт елде өз жұмысын орындау каншалықты қиын екеніне көз
жеткізді.Үшінші кезекте, шетелдегі корреспонденттерге қаржылық тұрақсыздық
жағдайында жұмыс істеу қиындық тудырады.Бұл мамандық жоғары деңгейде
бағаланғанымен, өзінің де кем тұстары бар.Олардың табысы мақалалары немесе
репортаждары сатылуына тәуелді.
Міне,қорыта келгенде шетелдік корреспондент тек сырттай бақылаушы емес,түрлі қайғы-
қасіретті сезініп,оны қағаз бетіне түсіру немесе камера алдына айту жүректі ауыртпай
қоймайды.Көрермен немесе оқырман үшін бұл тек жаңалық қана болса, тілші үшін әрбір
сөз – сол сәттің ауыр естелігі. Сұхбатқа алынған адамның көзіне үңіліп, оның айтқан
әңгімесі жүрегіне инедей қадалады. Бұл сәтте олар тек тілші емес, сонымен қатар
оқиғаның куәгері, тарихты тірі естелік ретінде сақтаушы. Жоғарыда айтқан нақты
фактілер шетелдік корреспонденттердің жұмысының қаншалықты күрделі және қауіпті екенін көрсетеді.Бұл жолда ауыр шешімдер бар, бірақ әр хабарланатын оқиға – әлемге ашылған терезе секілді.Ол бізге көрінбейтін дүниелерді көрсетіп, өмірдің шындығымен бетпе-бет келуге көмектеседі.Тілшінің мойнында алып жүк бар екеніне куә болдық.Оның міндеті әлемнің жан айқайын жеткізу. Бірақ кейде шындықты айту оңай емес.Кез келген қадам ақылмен жасалуы керек: бір жағында – билік, екінші жағында – шындыққа құштаржандар.Сондай-ақ шетелдік корреспонденттің үйі – ол қай жерде болса, сол жер. Алайда оның жүрегі жиі туған елде, алыста қалған жақындары мен сүйікті адамдарында. Әлемнің бір шетінде болған оқиғаларды хабарлап тұрғанда, оның жүрегінде сағыныш тұрары сөзсіз.
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі