Өлең, жыр, ақындар

ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ҮНСІЗ ДАУЫСЫ: ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Қазақ халқы үшін 1986 жылғы “ЖЕЛТОҚСАН” оқиғасы - қайсарлықтың өшпес символы. 

Бұл көтерілісті тек “тәртіпсіздік” деп қарау тарихи әділетсіздік болар еді, 

“ЖЕЛТОҚСАН” көтерілісі - Тәуелсіздікке бастар жол және қазақ жастарыңың әділетсіздікке қарсы жолы. 

1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы өтті. Бұл жиында Қазақстанды ұзақ жылдар бойы басқарған Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып,тіпті қазақ тілін білмейтін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Геннандий Колбин тағайындалды. Бұл шешім қазақ халқы үшін ұлттық мүддеге ашық қарсылық ретінде қабылданды.  Көтеріліс 17 желтоқсан  күні басталды. Көптеген студенттер,жастар Алматыдағы Орталық алаңға шықты. Көтеріліске шыққандардың қатарында тіпті қыздар да болды. 

18 желтоқсанда Кеңес үкіметі наразылықты басу үшін қатыгез күш қолданды. Алаңға әскер күштері,өрт сөндіру машиналары,

бронетранспортерлер  және ішкі әскер жұмылдырынды. 

 Көтеріліс тек Алматы да ғана емес,

Жезғазған,Қарағанды,Шымкент және тағы басқа қалаларда болғанымен,билік оны барынша жасырды.

  • ҰСТАЛҒАНДАР САНЫ:

8500 - ден астам адам ұстау изоляторларына жабылды. 

  • СТУДЕНТТЕРДІ ОҚУДАН ШЫҒАРУ:

Көтеріліске қатысқандары үшін 990 - дан астам студент оқу орындарынан шығарылды.

  • СОТТАЛҒАНДАР:

100 - ден аса адам түрлі мерзімге сотталды.

 Бұл оқиғадағы  ең қайғылы тағдыр - студент Қайрат Рысқұлбековтың тағдыры. Ол өлім жазасына кесіліп,кейін түрмеде жұмбақ өлімнен өмірден өтті. Көтерілісте құрбан болған жастардың есімі ұлттық ерліктің символына айналды. 

 1986 жылғы мұз басқан алаңдағы жастардың үнсіз дауысы - әділеттілік пен тәуелсіздікке бастаған батыл жол болды. Көтеріліске қатысқандардың еңбегі Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалады.

“JOURNIVERSE” білім беру орталығының оқушысы: ТАЖИГАЛИЕВА АЯУЛЫМ

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз