Әлемге танымал қазақстандық әнші Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, өнер сахнасында Димаш есімімен белгілі, 1994 жылғы 24 мамырда Ақтөбе қаласында шығармашыл, музыкалық отбасында дүниеге келген. Ол бес жасынан бастап фортепианода ойнап, балалар хорында ән айтқан.
Димаш 2014 жылы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжді академиялық ән орындау мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Қазақ ұлттық өнер университетін «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша бітірді. Ол серб, итальян, француз, ағылшын, орыс және басқа да бірнеше тілде ән орындайды. Димаштың халықаралық деңгейде танылуына 2015 жылы Витебск қаласында өткен XXIV «Славян базары» халықаралық байқауында Гран-при жеңіп алуы үлкен серпін берді. Сондай-ақ ол «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған өнер иесі.
Оның марапаттары қатарында:
2014 жылы — ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы;
2017 жылы — ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік стипендия және Тұңғыш Президент қорының сыйлығы;
2018 жылы — Қытайда «Жылдың үздік әртісі» және «Weibo Night» салтанатында «Ең танымал әртіс» атағы;
2019 жылы — Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығы («Жыл жаңалығы», «Классикалық музыкадағы жыл вокалшысы»);
2019 жылы — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы.
Сонымен қатар, Димаштың сырт келбеті де әлемдік деңгейде мойындалды. TC Candler тәуелсіз рейтингі оны екі рет әлемдегі ең сымбатты ер адамдардың қатарына қосты. 2021 жылы King Choice платформасындағы онлайн дауыс беру нәтижесінде Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атанып, 9,3 миллионнан астам дауыс жинады. Димаш Құдайберген — тек ерекше дауыстың иесі ғана емес, Қазақстанның мәдениетін әлемге танытып жүрген заманауи тұлға. Оның жетістіктері жастарға еңбекқорлық пен табандылықтың айқын үлгісі болып табылады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әбубәкір Аружан
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі