Алматы технологиялық университетінде "Күн мен Ай" іс-шарасы өтті
2025 жылдың 28 ақпан күні Алматы технологиялық университетінде «Күн мен Ай» атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға университеттің төрт факультеті қатысты: Экономика және бизнес, Инженерлік және ақпараттық технологиялар, Тағам технологиялары, Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультеттері.
Іс-шараның басты мақсаты – оқытушылар мен студенттер арасында өнер көрсету арқылы өзара қарым-қатынасты нығайту болды. Әр факультет шығармашылық өнерлерімен, оның ішінде билеу, аспапта ойнау, ән айту, көріністер көрсету сияқты түрлі өнер түрлерімен қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Әр өнерге жеке-жеке жүлде тағайындалып, соңында ең көп бірінші орын алған факультет жеңімпаз атанды.
Фестивальдің Номинациялары
1. Вокал (дуэт, трио, квартет):
- 1.1. Халық әні
- 1.2. Эстрадалық вокал (қазақ композиторларының шығармалары)
2. Аспаптық жанр (дуэт, трио, квартет):
- Ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз, шертер, тағы басқа ұлттық музыкалық аспаптар)
3. Хореография (дуэт, трио және топтық би):
- 3.1. Ұлттық би
- 3.2. Заманауи би
4. Шағын спектакль, скетч, интермедия (ұзақтығы 5 минуттан аспайтын):
- Тақырыбы: Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығы
Әр өнер түріне қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетуге тырысып, көрермендерді таңқалдырды. Ұлттық және заманауи би, эстрадалық және халық әндері, ұлттық аспаптарда ойнау, сондай-ақ, Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына арналған шағын спектакльдер – фестивальдің басты тартымдыларының бірі болды.
Жеңімпаздар мен марапаттар
Ең көп жүлде алған факультет – Экономика және бизнес факультеті. Олар ең жоғары нәтижелер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Іс-шараның нәтижелері бойынша «Көрермен көзайымы» номинациясын Инженерлік және ақпараттық технологиялар факультеті («Қыз қуу» ұлттық биі) және Тағам технологиялары факультеті («Hands Up» заманауи биі) иеленді.
Сонымен қатар, іс-шарада жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Бірінші орын иегеріне 100 000 теңге, екінші орынға 75 000 теңге, үшінші орынға 50 000 теңге сертификаттары берілді. Екінші орын Тағам технологиялары факультетіне, үшінші орын Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетіне бұйырды.
Шет елге саяхаттауға жолдама
«Күн мен Ай» іс-шарасы барысында ерекше өнер көрсеткен оқытушыларға шет елге саяхаттауға путевка берілді. Бұл сыйлықтар оқытушылардың шығармашылық жетістіктері мен жоғары деңгейдегі жұмыстары үшін берілді. Оқытушыларға халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігі ұсынылып, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.
Бұл іс-шара университетте жыл сайын өткізіліп отырады, алайда соңғы 4-5 жылда тоқтап қалған болатын. 2024 жылы қайта жанданып, тағы да үлкен қызығушылық туғызды. Іс-шара бас оқу ғимаратында өтті, онда факультеттердің жанкүйерлері өз командаларын қолдап, өнер көрсеткен қатысушыларға үлкен қолдау білдірді.
Алматы технологиялық университетіндегі «Күн мен Ай» іс-шарасы – студенттер мен оқытушылардың арасындағы достықты нығайтуға, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және университет мәдениетін арттыруға бағытталған тамаша бастама болып табылады.
Мақала авторлары: Тойшибек Дамир, Тұрар Қаракөз, Хамит Жасмин, Тоқтарова Арайлым, Урманова Жансая
Тексерген: Мемлекет және шет тілдері кафедрасының сеньор лекторы Абдуллаева Айнұр Аскаровна
- Есбол Бозан
- Есбол Бозан
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі