Демократиялық қоғамда сөз бостандығы мен БАҚ тәуелсіздігі халықтың пікірін еркін білдіруіне және биліктің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Олар қоғамның айнасы, халықтың үні және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының кепілі ретінде қызмет етеді. Журналистер қылмыс, сыбайлас жемқорлық және зорлық-зомбылық сияқты маңызды мәселелерді қоғам назарына ұсыну арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Мысалы,осының айқын дәлелі. Алайда, көптеген елдерде сөз бостандығы толық деңгейде дамымаған. . Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да, ақпарат белгілі бір сүзгіден өтеді. Бұл көбінесе мемлекеттік органдардың БАҚ-қа ықпал етуімен немесе редакциялық саясаттың шектеулерімен байланыст. Цензура көбінесе биліктің саясатын қорғау, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау немесе белгілі бір топтардың мүддесін қорғау мақсатында қолданылады. Бірақ бұл ақпараттың бұрмалануына немесе шынайылығының күмән тудыруына әкелуі мүмкінЖурналистің басты міндеті – сенімді ақпарат көзі болу, ал цензура бұл міндетті толық орындауға кедергі келтіреді.
Журналистер ақпаратты жеке көзқарасына сүйенбей, жан-жақты зерттеп, объективті түрде ұсынуы тиіс. Алайда, кез келген ақпараттың белгілі бір идеологиялық немесе саяси реңкі болуы мүмкін, бұл журналистикадағы объективтілікті күрделі мәселе етеді.Дегенмен, объективтілікке ұмтылғанның өзінде белгілі бір шектеулер бар. Көптеген телеарналар мен баспасөз құралдары редакциялық саясатқа сәйкес жұмыс істейді, бұл кейбір тақырыптардың ашық талқылануына кедергі келтіруі мүмкін
Мысалы, «Әділ сөз» баспасөз қорғау ұйымының мәліметі бойынша, 2024 жылғы 10-17 қазан аралығында Қазақстанда сөз бостандығының бұзылуы бойынша бірнеше жағдай тіркелген. Бұл жағдайлар БАҚ еркіндігінің шектеулі екенін көрсетеді. Сонымен қатар, тәуелсіз журналистер мен оппозициялық көзқарастағы журналистер әлеуметтік желілерде өз ойларын еркін білдіре алады. Бұл платформаларда еркіндік байқалады және қажетті ақпаратты кеңінен тарату мүмкіндігі бар. Дегенмен, бұл қызметтегі еркіндік дәрежесі әр елде әртүрлі.
Журналистикада сөз еркіндігі өте маңызды.КСРО дәуірінде журналистика толығымен мемлекеттік бақылауда болды. Қазіргі кезде тәуелсіз БАҚ-тың дамуы байқалғанымен, толық еркіндікке жету үшін әлі де бірқатар кедергілер бар.Бұл оның күннен-күнге даму барысында екенін көрсетеді. Журналистикадағы еркіндіктің төмен дәрежеде болуы жеке басқа қауіп төнуінің салдары болуы мүмкін. Болашақта заңнамалық реформалар, халықаралық стандарттарға сәйкестік және БАҚ-тың экономикалық тәуелсіздігі сөз бостандығының нақты жүзеге асуына ықпал етуі мүмкін.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ермек Елзада
Алия
Ойландыратындай мақала екен! Маңызды ақпарат ала алдым
Бекжан
???????????????? керемет