Вашингтон қаласы 1800 жылы АҚШ астанасы болып жарияланады, ал іргетасы одан он жыл бұрын қаланған. Джордж Вашингтон ел тарихындағы тұңғыш Президент мәртебесін алғандықтан, қалаға есімі берілген. Алғашқыда елдің саяси орталығы ретінде салынған қала сол кездегі штаттардың ешқайсысының құрамына кірмеген. Сондай-ақ, бастапқыда Мэриленд және Вирджиния штатының аумағында болды, кейін қаланың аумағынан жеке автономды облыс құрылып Тәуелсіз Колумбия округі пайда болды.
«Париж» сөзінің шығу тегіне байланысты бірнеше нұсқа бар, ал олардың ең танымалы — «римдік» нұсқа. Онда спартандық патша Менелаяның ұлы — Еленаны ұрлаған, троян соғысының батыры, Приана патшасының ұлы Паристің құрметіне қала атауы берілген деп айтылады.
Сан-Марино елінің іргетасы IV ғасырда қалана бастаған. Аңыз бойынша, 301 жылы Адриатия теңізіндегі Раб аралына (қазіргі Хорватия аумағы) алғашқы христиан қауымдарының мүшесі Марин достарымен бірге барған және Монте-Титано тауының маңына қоныстанған. Ол осы жерді алғашқы болып ашады және онда адамдар қоныстана бастайды. Кейіннен сол жерде шағын монастырь пайда болады. Негізін қалаушы әулие Марина аты бойынша аталған бұл монастрь VI ғасырдың соңына дейін тәуелсіз болады да, 855 жылға дейін көршілес Урбино герцогтігінің құрамына кіреді. Қазір сол жылдан бастап қайта тәуелсіз мемлекет болып келе жатқан Сан-Марино планетаның ең ескі Республикасы деп айтылады. Айта кетейік, бұл елдің астанасы да Сан-Марино деп аталады.
Араб, Қытай, Рим көпестері Коломбо қаласының айлағына 2000 жыл бұрын келіп, VIII ғасырда бұл жердің теңіздегі барлық саудасын бақылаған. Ал португалдықтар болса XVI ғасырда келіп, саяхатшы Христофор Колумбтың құрметіне қаланың атауы Коломбо болып өзгерген. Содан кейін 1656 жылы қаланы голландиялықтар басып алады, ал 1802 жылы Коломбо Цейлон Британдық колониясының астанасы болды. 1948 жылдан — доминион Цейлон астанасы, 1972 жылдан — Шри-Ланка Республикасының астанасы болып келеді.
Веллингтон қаласының атауы атақты британдық қолбасшы, Ватерло жанындағы майданның жеңімпазы, Ұлыбритания премьер-Министрі Артур Уэлслидің құрметіне, қаланы мәңгі есте қалдыру мақсатында, сондай-ақ қаланың негізін қалаушыға алғыс ретінде «Веллингтон» деп аталған.
Валлетта — Мальта Республикасының астанасы, мемлекеттің экономикалық және саяси орталығы. Қаланың аты рыцарь, теңіз флоты қолбасшысы, иоанниттер орденінің иегері, 1565 жылы түріктерден аралды қорғап қалған жаңа Паризо де ла Валлетта есімді кісінің құрметіне аталған.
Сантьяго қаласының атауы испандық қасиетті қамқоршы Яго — апостол Иакова құрметіне аталған (исп. Santiago, San Iago, San Tiago, San Diego). Қала ірілі-ұсақты 37 аймақтан құралған және 1818 жылдан бастап тәуелсіз Чилидің астанасы болып келе жатыр.
Оқуға кеңес береміз:
Амстердам қаласы туралы қызықты деректер
Әлемнің ең кішкентай алты қаласы
Әлемдегі суретке жиі түсірілетін 25 қала
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Есбол Бозан
- Есбол Бозан
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі