Өлең, жыр, ақындар

БҰҰ ТДМ аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен тәрбие сағаты

   

  2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын 17 жаһандық мақсатты қамтитын Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қабылдаған. Бұл мақсаттар әлемнің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталады.
   Осы ТДМ-ның 8-ші мақсаты бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 2 курсында оқитын шетел студенттеріне аға оқытушы Э.К.Бектурова мен докторант Ж.Буркитбаеваның ұйымдастыруымен «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
     ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында 2030 жылы әлемдегі еңбекке қабілетті халықтың бәрі жеткілікті табыс көзі болатын, қауіпсіз, отбасының әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ететін, жеке адамның дамуына мүмкіндік беретін жұмыспен қамтылуға тиіс.
    Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің болашақ кәсіби өмірінде өз құқықтарын білуі және бәсекеге қабілетті маман болу үшін қандай дағдылар қажет екені туралы түсінік беру.
  Презентация барысында студенттер әлем бойынша лайықсыз жұмыспен қамтылғандар туралы статистикалық мәліметтермен танысып, жұмыс іздеушілердің лайықты жұмысқа қарағанда лайықсыз жұмысты таңдау себептері мен бұл таңдау туындататын мәселелер туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, студенттер лайықты жұмыс ұғымына қатысты өз пікірлерін білдіріп, ондай жұмысқа ие болу үшін маманның қандай дағдыларға ие болуы керектігін талқылады. Іс-шара барысында маманның кәсіби өмірде біліміне, қабілеті мен дағдыларына қарай өзін дұрыс бағалай алуының маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, үздіксіз оқу мен даму арқылы ғана нарықта өз орныңды табуға болатыны және бұл кәсіби табысқа жету мүмкіндігін арттыратыны туралы қорытынды жасалды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз