Өлең, жыр, ақындар

Балалар журналистикасы: Болашақта журналист болғың келсе

Балалар журналистикасы: Болашақта журналист болғың келсе

Әр адамның бала күнінен армандайтын бір мамандығы болады. Өмірде қателеспеуге тиіс үш маңызды нәрсенің бірі – мамандық таңдау.

Менің таңдаған мамандығым – журналистика. Болашақта осы салада жұмыс істеп, бар өмірімді журналистикамен ұштастырғым келеді. Мен үшін журналист болу – тек ақиқатты айту ғана емес, халық алдында өз-өзін еркін ұстай білу, шыншыл болу және қоғамға пайда тигізу.

Егер сен де журналист болғың келсе, бірақ неден бастарыңды білмесең, онда мына кеңестерге назар аудар:

1. Мақала жазуды үйрен

Күн сайын өз ойыңды қағазға түсіріп, түрлі тақырыпта мақала жазуға дағдылан. Жазған жұмыстарыңды сайттарға, газеттерге, блогтарға жарияла. Бұл тәжірибеңді арттырады.

2. Репортаж түсіруді меңгер

Ауылыңда, ауданыңда, қалаңда болған маңызды оқиғаларды халыққа түсінікті әрі қызықты етіп баянда. Оқиға орнына барып, өз көзіңмен көріп, зерттеп үйрен.

3. Интервью алуды үйрен

Өзің үшін үлгі тұтқан адамнан сұхбат ал. Тіпті мектеп өмірі жайлы қарапайым тақырыптан бастасаң да болады. Бұл – сенің коммуникативтік дағдыларыңды дамытады.

4. Шығармашылық байқауларға қатыс

Мұндай жарыстар сенің талантыңды ашып, халық алдында еркін сөйлеуге үйретеді. Журналистикадағы басты қасиеттердің бірі – сенімділік.

5. Арнайы жобаларға қатысып, рухани азық ізде

Журналистика тек ақпарат тарату ғана емес, білім мен жан-жақты көзқарасты қажет ететін сала. Сондықтан үнемі ізденіп, кітап оқып, қоғамдағы мәселелерді зертте.

Қорытынды

Егер осы бес қадамды орындасаң, болашақ журналист ретінде үлкен қадам жасайсың. Жаңа дүниелерді зерттеуден қорықпа, батыл бол!

Сәттілік, болашақ журналист!

 

Төлеген Кәусар Өнербекқызы, Ақмола облысы

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз