Өлең, жыр, ақындар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІ

Қазақстан - табиғи байлықтарға ие мемлекет. Мұнда әсем тауларынан бастап өзен-көлдерін көрген жаннан бақытты адам болмасы анық. Бұл мақалада еліміздің ең көрікті жерлері туралы айтатын боламын.

Алматы облысының таңғажайып жерлері:Медеу-жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Сәулет өнерінің ерекшелігі мен табиғи ерекшелігінің арқасында Медеу мұз айдыны әлемге танымал. Шымбұлақ-2510 метр биіктікте орналасқан Шымбұлақ тау-шаңғылының курорты-Алматының інжу-маржаны. Бұл жерде таудың таза ауасымен тыныстап қана қоймай шаңғы тебуге болады.

Ақмола облысының ең көрікті жерлерінің бірден бірегейі:Бурабай-Қазақстанның сәнін келтіретін ауасы таза , ерекше көзге түсетін жер. Табиғаты әсем,таза болғандықтан «Қазақстанның Швейцариясы» аталып кеткен. Көкшетау ұлттық паркі- таза көлдер,биік таулар және ну ормандар бұл жерді ерекше ететіні сөзсіз. Көкшетау ұлттық паркінде бұлан,елік,түлкі,қасқыр секілді жануарлар кездеседі.

Ақтау қаласының ең ерекше көзге түсетін теңізі:Каспий теңізі- әлемдегі ең үлкен тұйық су айдыны. Бұл теңіз тек табиғи сұлулығымен ғана емес сондай-ақ экономикалық,экологиялық және туристік маңыздылығымен ерекшеленеді. Бозжыра шатқалы-300шақырым жерде орналасқан таңғажайып табиғи орын. Бұл орын өзінің ақ түсті жартасымен және ерекше рельефімен әйгілі.

Қазақстанда табиғат аясында демалып , көрікті жерлерді тамашалағысы келетіндер үшін көптеген таңғажайып орындар бар. Қазақстанның барлық жерінен тазалықты, жайлылықты сезіне аласыз.

Түркістан облысы,Сайрам ауданы, N° 83 А. Байтурсынов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қасқырбаева Асель.


Пікірлер (1)

Аселя

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз