Ана тілі - әрбір ұлттың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы. Ол ата - бабадан қалған аманат. Ұрпақты ұлт ретінде қалыптастыратын, мәдениеті мен дәстүрін сақтап, дамытатын негізгі құралы десекте артық етпес. Ана тілі - ұлттың жүрегі, жаны, өзегі. Яғни, ана сүтіндей бойымызға бірітіндеп сіңеді. Ол арқылы адам қоршаган ортаны таныпы, өзін-өзі түсініп, ұлттық болмысты игере біледі. "Ана тілің aрың бұл, ұятың боп тұр бетте, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"-деп бекер айтылмағаны анық. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес.Сонымен қоса, тіл арқылы ұрпаққа ұлттық құндылықтар жеткізіледі. Ана тілімізді қастерлеп, құрметтеу оны сақтау, дамыту-әр қазақ баласының парызы. Ана тілінде қазақ балалары білім алып, еркін сөйлеу үшін көптеген тұлғалар тер төккен. Оның ішінде, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев секілді қазақ зиялылары еңбек еткен. Мысалы, М.Дулатұлы қазақ балаларына, Ана тілінде қосу мен алуды, көбейту мен бөлуді қазақшалап шығарып берген. 300 беттен тұратын "Қазақстан тарихы" кітабын ең алғаш рет басып шығарған - М.Дулатұлы еді . Тіпті, абақтыда жатып күллі түркі баласына орысша сөздік жазып шығарған. Ал қазіргі таңда, көптеген қазақ балалары орыс тілінде сайрап, жеті атасын ұмытқаны рас. Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойлаймын.Шынболат Ділдібаевтің "Шындық туралы толғау" өлеңің
"Орысшала орыстарды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Жалпақ далаң, өсер балаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!!!" - деген жолдарында қанша мән мағна жатыр, әрине оны түсіне білетініміз өте аз! Ана тілінің құны кез келген заманда өлшеусіз жоғары болуы тиіс. Егер ана тілін ұрпаққа жеткісек, оның құны түспейді. Қазіргі таңда ана тілімізді дамытуға деген мүмкіншіліктер өте жоғары. Еліміздің болашағы жастарымыздың қолында, себебі, ана тіліміз болмаса болашағымыз қараң болатыны хақ. Сондықтанда ана тілін көздің қарашығындай қорғап, оның байлығы мен тарихын келер ұрпаққа жеткізіуіміз қажет.
МММ,ааа,жакс
Мадес
Sayazhan
Оқу барысында ерекше сезім оянатынын кім ойлаған????
Уразбекова Гульмира
Жақсы ақпарат????
Алихан
Керемет