Есіңде болсын, бұл маңызды....
1. Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар бас әріппен жазылады: «Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелік белгісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы.
2. Әскери және ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер кіші әріппен жазылады: Авиация маршалы (Ескерту: Егер авиацияның Бас маршалы болса, бас әріппен жазылады); армия генералы, генерал-майор; профессор, академик, техника ғылымдарының докторы, доцент.
3. Мерзімді баспасөз атаулары тырнақшаға алынып, бас әріппен жазылады: «Тіл» журналы, «Айқап» журналы, «Егемен Қазақстан» газеті, «Қазақстан әйелдері» журналы;
4. «Мемлекеттік» деген сөз мына жағдайда бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны; Ескерту: Төмендегідей жағдайларда «Мемлекеттік» сөзі кіші әріппен жазылады: Мемлекеттік ұйым, мемлекеттік орган, мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік меншік, мемлекеттік комиссия;
5. Дүниежүзілік қоғамдық ұйымдардың аталары бас әріппен жазылады: Біріккен Ұлттар Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі
6. Ресми құжаттарда күрделі атаулардың қысқарған нұсқасы қолданылады және олар бас әріппен жазылады: ЕтЗК– Еңбек туралы заңдар кодексі; БҰҰ –Біріккен Ұлттар Ұйымы; ҚР АҚ –ҚР Азаматтық кодексі; АҚ –Акционерлік қоғам; ХҚО –Халыққа қызмет көрсету орталығы; ЖК –Жеке кәсіпкер; ҰБТ –Ұлттық бірыңғай тест;
7. Төмендегідей атауларда барлық сөз бас әріппен жазылады: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасының Президетінің Жарлығы; Қазақстан Республикасының Парламенті; Қазақшаланбайды! САММИТ, УЕФА, ЮНЕСКО, НАТО. Бұларға жалғанатын қосымшалар дыбысталуына сәйкес жалғанады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Қайрат
Zhanar84, пайдалы жазбаңызға рахмет!
Samina
Рахмет! Өте пайдалы!!!
zhanar84
рахмет! пайдаларыңызға жарасын! негізі - іс-қағаздарынан алынған мәліметтер