Ресми құжаттарда аты, әкесінің аты, тегінің дұрыс жазылуы
Мемлекеттік тілде құжаттар жасау кезінде көбісі тегін, атын және әкесінің атын (бұдан әрі – Т.А.Ә.) жазуға байланысты қиналады. Біз сіздердің назарларыңызға осындай проблемаларды игеруге көмегі тиетін мақаланы ұсынып отырмыз.
Біз ең алдымен Қазақстан Республикасының заңына сүйенгеніміз жөн. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 11.07.1997 жылғы №151-1 Заңының 20-бабында: «Ресми құжаттарда жеке аты, әкесінің аты, тегі Қазақстан Республикасының заңнамаларына және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жазылуы тиіс» - деп көрсетілген.
Назар аударыңыз.
Ресми құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларында бұл азаматтың жеке куәлігіне сәйкес жазылуы тиіс.
Егер ұлты қазақ азаматтың жеке куәлігінде Т.А.Ә. орыс тілінде жазылса, онда ресімделетін құжатта да қазақ және орыс тіліндегі нұсқалары орысша жазылуы қажет.
Егер ұлты қазақ азаматтың жеке куәлігінде Т.А.Ә. қазақша жазылса, мысалы, Өмірбайұлы Сақтаған, онда ресімделетін құжаттың орыс және қазақ тілді нұсқаларында субъектінің Т.А.Ә.қазақ тіліндегі жеке куәлігіне сәйкес (құжаттың мәтіні қай тілде ресімделетініне қарамастан!) жазылады.
Заңнан үзінді.
2009 жылдың 25 қыркүйегіндегі «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру және құжаттамалық басқару типтік ережесінің 10-бабы бойынша: «Құжаттар мемлекеттік тілде жасалады, онымен қатар орыс тілі ресми қолданылады, ал Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңында қарастырылған жағдайларда, басқа да тілдер қолданылады. Мемлекеттік тілдегі құжат және бір уақытта өзге тілде жасалатын аутентикалық құжат әр қайсысы жеке бланкілерде (жеке парақта) басылады және бірдей реквизитпен ресімделеді».
Жеке куәлігі бойынша ресми құжаттарды заңды түрде ресімдеген жөн, өйткені әртүрлі қиындықтардың туындауы мүмкін. Мысалы, құжат ресімделген азаматтың Т.А.Ә. мемлекеттік тілде бір данада жасалып, қазақ қарпімен ресімделсе, ал оның Т.А.Ә. жеке куәлігінде қазақ қарпінсіз орысша жазылған болса, онда бұл құжаттың кез-келген инстанцияларда (банкте, сотта, ҚҚО, әкімшілікте және т.б.) заңдық күші болмайды, өйткені құжатта жазылған азаматтың Т.А.Ә. оның жеке куәлігінде жазылғандарға сәйкес келмейді.
Егер онда азаматтың тіркелген тегінде ұзақ дауысты «и», ал оның жеке куәлігінде және құжатта (шот-фактурада) – қысқа дауысты «й» болатын болса, оның шот-фактурасын қабылдамайды, ол жарамсыз деп саналады.
Мұндай мәселелерді болдырмас үшін, барлық қазақ және орыс тілдеріндегі ресми құжаттарды жеке куәлігі бойынша ресімдеу қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі