Жер — біздің ортақ үйіміз. Адам баласы табиғатпен тығыз байланыста өмір сүріп келеді. Бұл байланыс ғасырлар бойы жалғасып келеді. Адамдар табиғатқа түрлі тұрғыда тәуелді болып қана қоймай, оның байлықтарын пайдаланып, дамып келеді. Алайда соңғы уақытта адамзат табиғатқа немқұрайлы қарауды әдетке айналдырды. Жердің байлығын аяусыз пайдалану, ормандарды кесу, ауа мен суды ластау — мұның бәрі болашақ ұрпаққа үлкен зиян келтіреді. Біз үшін Жер Анаға жаңашырлық таныту — бұл тек өзіміз үшін ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де маңызды.
Жер табиғаттың негізгі бөлшегі ретінде бізге барлық тіршілік үшін қажетті жағдайларды жасайды: таза ауа, су, азық-түлік, қорек беретін топырақ. Ағаштар мен өсімдіктер көмірқышқыл газын жұтып, оттегі шығарады. Бұл процесс өмір үшін өте маңызды. Топырақ адамзаттың азық-түлік қорын қамтамасыз етеді. Дәл осы жерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналған. Жердегі барлық тіршілік бір-бірімен тығыз байланысты. Бірақ қазіргі таңда адамның іс-әрекеті бұл байланысты бұзып жатыр.
Адамзат табиғатқа көп зиян келтіріп отыр. Қалалар мен жолдар салынуы, ормандардың жойылуы, табиғи ресурстардың сарқылуы, климаттың өзгеруі — бұның бәрі адамдардың табиғатқа тигізген кері әсерінің айқын дәлелі. Ормандардың жойылуы — жер бетіндегі миллиондаған тіршілік иелерінің мекені мен ауа тазартушы «фильтрі» болып табылатын жасыл желектердің азаюына алып келеді. Су ресурстарының ластануы, топырақтың құнарсыздануы мен ауаның бұзылуы — бұл, өз кезегінде, адам денсаулығына әсер етеді. Қазірдің өзінде бүкіл әлемде климаттық өзгерістер жиілеп, табиғи апаттар мен құрғақшылықтардың көбеюі байқалады.
Табиғатқа деген жаңашырлық — бұл біз тек бүгінгі күн үшін ғана емес, ертеңгі ұрпақ үшін де жауаптымыз деген сөз. Болашақ ұрпаққа таза су, таза ауа, жасыл желек қалдыру біздің міндетіміз. Осылайша, Жер Анаға жаңашырлық танытудың бірнеше жолы бар:
Қоршаған ортаны қорғау. Әрбір адам өз күнделікті өмірінде табиғатты қорғауға үлес қосуы керек. Қоқысты сұрыптау, пластикті қайта өңдеу, ағаш отырғызу, су мен энергияны үнемдеу — бұл қарапайым, бірақ өте тиімді шаралар. Мысалы, соңғы уақытта көптеген елдерде пластик пакеттердің орнына экологиялық таза материалдардан жасалған сөмкелерді қолдануға көшу белең алуда. Бұл әрекет топырақ пен су ластануын азайтады.
Ағаш отырғызу. Ағаштар — Жердің өкпесі. Олар ауаға оттегі бөліп, бізді және барлық тіршілік иелерін тіршілікті сақтау үшін қажетті газбен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ағаштар топырақты құнарландырып, су балансын реттейді. Әрбір адамның ағаш отырғызуға қатысуы үлкен нәтижеге әкеледі.
Экологиялық білім беру. Табиғатты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі — экологиялық білім беру. Жас ұрпаққа табиғаттың құндылығын, оның бізге тигізетін пайдасын түсіндіру арқылы біз оларды болашақта табиғатты қорғауға тәрбиелей аламыз. Мектептерде экология пәндерін оқыту, экологиялық іс-шараларға қатысу — балалар мен жастардың табиғатқа деген қамқорлығын арттырады.
Тұрақты даму принциптерін ұстану. Тұрақты даму дегеніміз — табиғаттың ресурстарын келешек ұрпаққа жеткілікті мөлшерде қалдыру. Бұл үшін біз қазіргі таңда экологиялық таза технологияларды дамытуға, өндірістік қалдықтарды азайтуға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға тиіспіз.
Жасыл энергия көздерін пайдалану. Күн, жел, су энергиясын қолдану арқылы біз экологияға үлкен пайда келтіре аламыз. Бұл шаралар көмірқышқыл газын азайтып, ауаның ластануын төмендетеді. Сонымен қатар, табиғатқа зиянсыз энергия көздерін пайдалану — біздің болашағымыз үшін маңызды.
Жерге деген жаңашырлық — бұл біздің болашағымызды қорғау. Әрбір адам табиғатқа деген жауапкершілікті сезініп, өз іс-әрекеттерімен табиғатты қорғауға атсалысуы қажет. Егер біз табиғатты қорғау үшін бірлесіп жұмыс істесек, болашақ ұрпаққа таза және жасыл әлем қалдыруымызға болады. Табиғат бізге тек байлық қана емес, өмір сүру үшін қажетті барлық нәрсені береді. Сондықтан оны аялап, құрметтеу — біздің басты міндетіміз.
Қорытынды: Табиғатты қорғау — болашақ ұрпақ үшін жасалған ең үлкен қамқорлық. Егер біз әрқайсымыз табиғатқа жаңашырлық танытатын болсақ, онда біздің Жер Анаға деген сүйіспеншілігіміз бен құрметіміз келешек ұрпаққа да жетеді. Жер Анаға жасалған әрбір жақсылық, болашақта бізге кері әсерін тигізеді.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі