Қазақ қайда бара жатыр?
Біз тәуелсіз елміз деп кеуде соғамыз. Бірақ сол тәуелсіздіктің ішін ашып көрдік пе? Жер біздікі, ел де біздікі... Бірақ сана — бөтеннің иелігінде. Бір емес, бірнеше ғасыр бойы орысқұлдық санаға шырмалып едік, енді одан шықпай жатып арабқұлдық санаға бас қойдық. Қайсысы өзіміздікі? Қазақтың діні де, тілі де, ділі де қазақы болуға тиіс еді ғой...
Біреу орыс тілінде сөйлесе, өзін «интеллигент» санайды. Біреу араб сөздерін араластырып, қазақшаға шет тілдің киімін кигізіп, өзін "діндар" санайды. Ал шын мәнінде, біз өзіміз болудан қалып барамыз.
Билік халық үшін емес, қалта үшін жүгіретін заман келді. Елді емес, өз еншісін ойлаған шенділер көбейді. Бір сәтке қазақтың ертеңі тоқтап тұр, бір шеңберде шыр айналған күйде. Ұлттың болашағына алаңдайтындар аз. "Бүгін жеп қалайық, ертең өз күнін өзі көреді" деген пиғыл санаға сіңіп барады.
Сонда ертеңгі қазақ кім болады? Тілі орысша, ойы арабша, аты қазақша болғанымен, заты кім?
Біз осыған ойлануымыз керек. Тарих бізге аманат, келешек бізге жауапкершілік жүктейді. Алаштың арманы — азаттық қана емес, қазақтың қазақ болып қалуы еді. Сол аманат бізде.
Ойлан, бауырым... Ойлан, қазақ! Ұлт болып қалу үшін ұлтшыл болу керек. Құдайдан кейінгі қорғаның — өзің!
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі