Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан киносы: трендтер мен тығырықтар

     Кино — шынайы өмірдегі оқиғалардың жиынтығы. Кейбір кинолар — қиял мен ойдың туындысы, өнердің бір түрі. Кино тарихы 1895 жылы 28 желтоқсанда Парижде Капучин бульварындағы “Гранд кафе” залдарының бірінде кинокөрсетілімнің алғашқы сессиясы өткен кезде басталды. Көп ұзамай бүкіл әлемде кинокомпаниялар мен киностудиялар құрыла бастады. Қазақстан киносына келетін болсақ, ең алғашқы киносеанстар 1910 жылы өткізіле бастаған.

    1925 жылы Қазақстандық кино түсіру саласында алғашқы қадамдар сол кездегі астанамыз Қызылорда қаласында жасалды. Сол жылы Қазақстан туралы “Годовщина КАССР” атты алғашқы деректі фильм жарыққа шықты. Қазақстан тарихындағы алғашқы көркем фильм — 1938 жылы Алматы кинохроника студиясында түсірілген “Амангелді”. Қазіргі таңда Қазақстан киносы күн өткен сайын дамып келеді. Жаңа белестерге көтеріліп, көрермен сұранысына сай бағытта дамуда. Әртүрлі идеялармен фильмдер мен сериалдар түсірілуде.

    Қазақстан киносының трендтері:

 1. Көрермен қызығушылығы. 2018 жылы ұлттық фильмдерге 3,2 миллион көрермен қатысса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 8,3 миллионға жеткен.

 2. Сериализацияның дамуы.

 3. Тарихи және мәдени тақырыптарға бет бұру. Мысалы, «Жаужүрек мың бала» сияқты фильмдер көшпенділер өмірін бейнелеп, қазақ мәдениетін насихаттауда.

   Жалпы барлық кино түсірілімдерінде қиындықтар кездеседі. Соның бірі — Қазақстан киносында. Атап айтқанда: қаржыландыру тапшылығы, шетелдік фильмдермен бәсекелестік, технологиялық артта қалушылық. Мұның барлығы Қазақстан киносының дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті. Осыған орай, отандық кинематографияны дамыту үшін мемлекет пен жеке сектор бірігіп, жүйелі қолдау көрсетуі қажет. Тек сол кезде ғана қазақ киносы халықаралық деңгейде танылып, өз орнын таба алады.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жұмабаева Нұршат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз