Заманы дүбірлеп, дәуірі дүрілдеп тұрған қай кісіні алсаң да уақытын тиімді пайдаланудың негізгі әдістерін кеңес ретінде ұсынады. Табысқа жетудің негізгі кілті – уақытты басқара алу екендігіне менің де күмәнім жоқ. Бірақ уақыт бізді басқарып тұрған заманда біз қалай уақытты басқарамыз?
Қазіргі қоғамда уақыт – ең құнды ресурс.
Барлық адамзат баласында уақыт бар, мүмкіндік бар. Бірақ оны дұрыс пайдалану, басқару әркімнің қолынан келе бермейді. Адамда "дисциплина" деген түсінік қалыптасса, уақытты басқару мұндай кезде тек пайдаға асады.
Қалай дұрыс басқаруға болады?
– Күнделікті жоспар құру
– Маңызды істерге басымдық беру (приоритеттерді анықтау)
– Уақытты "жегіштерді" азайту (мысалы, артық әлеуметтік желіде отыру)
– Демалысқа да уақыт бөлу
Уақытты басқарудың мәні – әр істі белгілі бір жүйемен орындап, үнемі жоспарда жүру. Жоспар бұл жағдайда адамға оң әсерін тигізіп қана қоймай, үлкен жетістіктердің бастауы да бола алады.
Әр адамның басында неше түрлі сындарлы оқиғалар, келеңсіз сәттер орнығып жатады. Бұл – тұрақсыздық пен қадағалаудың болмауынан туындайтын келеңсіз жайт. Ал уақытын басқара алған адам – өмірге өкпесі жоқ, күйзелістен ада әрі продуктивті, белсенді өмірдің көрінісіне куә болары сөзсіз. Оған қоса жоспармен жүрген адамда "бәріне үлгермей қаламын" деген алаңдаушылық ой болмайды, әр істі уақытында бітіруді үйренеді.
Тепе-теңдікті сақтау мен өнімділіктің артуы да тікелей уақытпен байланысты. Жұмыс, оқу, отбасы, жеке өмірдің бәрін баланста ұстауға мүмкіндік бар, егер тиімді жоспар мен күн тәртібі орныққан болса. Әр сағатың нақты бір іске жұмсалатын болса, нәтижелі жұмыс та көбірек болады.
Уақыт – өнімді жұмыс пен табысқа бастар жолдың басты іргетасы.
Оны тиімді басқару – тек нәтижелі жұмыс қана емес, үйлесімді өмір сүрудің де кепілі. Егер әр күнің нақты жоспармен өтсе, табыс сенің серігіңе айналары анық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі