Жаңадан ашылды, бірақ… Сайран көлінің бүгінгі сиқы қандай?
Алматылықтар үшін жазғы демалыстың ең қолайлы орындарының бірі — Сайран көлі. Қала тұрғындары мен жолаушылар осы маңайда серуендеп, шомылып, күншуақтап демалады. Жақында ғана қайта жөнделіп, үлкен қаражат бөлініп, халыққа ашық түрде ұсынылған бұл орын бүгінгі күні тазалық мәселесімен назар аудартуда.Көлдің ашылғанына бір жыл да толмаған. Бірақ жағалауға барған адам алдымен табиғаттың сұлулығына емес, шашылған қоқысқа көбірек көз салады. Пластик бөтелкелер, тағам қалдықтары, темекі тұқылдары — мұның бәрі қала ортасындағы көл жағасын қоқыс алаңына айналдырып барады.Сайран — Алматыдағы ең танымал су қоймаларының бірі. Қаланың ортасында орналасқан, жанында метро, автобекет, жол-көлік қатынасы өте ыңғайлы. 2023 жылы бұл аймақты абаттандыру үшін 11 миллиард теңге бөлінген. Жаңа жағажайлар салынды, демалуға арналған орындықтар қойылды, көлеңкелі шатырлар орнатылды. Қысқаша айтқанда, жақсы жағдай жасалды.Бірақ жақсы жағдай — оны сақтауды білетіндерге ғана пайдалы.Күн сайын жүздеген адам келетін бұл орын, өкінішке қарай, күн сайын қоқысқа көміліп жатыр. Арнайы жәшіктердің барына қарамастан, көпшілік тазалықты сақтамайды. Қоқыс жәшігіне дейін баруға ерінетіндер табылып, өзінен кейінгілерге жаман үлгі қалдырады. Ал табиғат үндемейді, бірақ бәрін байқап тұр.
Кім кінәлі?
Сұрақ қиын емес. Кінәлі — біз өзіміз.Тазалыққа жауапты мекемелер бар, иә. Бірақ көлді ластаған — сол жерде отырған, демалып кеткен адамдардың өзі. Біз табиғатты сыйламайынша, ешқандай қызмет оны біз үшін таза ұстап бере алмайды.Көл — тек су емес. Ол — тыныс. Ол — демалыс. Ол — болашаққа қалатын көрініс. Ал біз соны ластап отырмыз.Ең әуелі тазалық мәдениетін қалыптастыру қажет. Ол мектептен, отбасынан, тіпті достар ортасынан басталады. Көлге барған әр адам артында із қалдырмауға тырысса, Сайран да, басқа да табиғат бұрыштары аман қалар еді.Қоқысты қоқыс жәшігіне тастау — үлкен ерлік емес, бұл қарапайым тәртіп. Бірақ дәл осы қарапайымдықты ұстану арқылы біз үлкен мәселенің алдын ала аламыз.Мақаланы жазған: Тілеген Алтынай
163 мектеп лицейінің түлегі
Алматы қаласы
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі