Өлең, жыр, ақындар

«Малика» фильмі – шынайылық пен адамдықтың көрінісі

Туран университеті, Журналистика факультеті, 1-курс студенті


Исаева Айша

 

«Малика» фильмі – шынайылық пен адамдықтың көрінісі


Алматы қаласында түсірілген «Малика» фильмі – шынайы оқиғаға негізделген ерекше туынды. Бұл жоба тек кино емес, өмірдің өзінен алынған тағдырлар мен сезімдердің көрінісі.


Фильмнің режиссері – Наталья Уварова. Ол көрерменге тек оқиғаны емес, әйелдің ішкі жан дүниесін, аналық мейірім мен қоғам арасындағы күресті көрсетуге ұмтылған.


Фильмнің басты кейіпкері – Мария, яғни Роза есімді әйел. Сюжет шынайы өмірден алынған. Роза екі баланың анасы болғанымен, дәстүр мен қоғам қысымының салдарынан балалар әкесінің және оның жаңа жұбайының қолында қалып қояды.


Бұл оқиға Ингуш халқының дәстүріне негізделген. Онда отбасы мен неке мәселелерін заң емес, ақсақалдар кеңесі мен шариғат заңдары шешеді. Яғни, егер ерлі-зайыпты ажырасса, балалар көбіне әкенің отбасында қалады — бұл олардың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі.


Фильмде Малика есімді 12 жастағы қыздың тағдыры да көрініс табады. Ол ата-анасының ажырасуы салдарынан екі жақтың арасында қалады. Дәстүр бойынша қыз бала әкесінің қолына өтеді. Бұл жерде заң шешім қабылдамайды — бәрін ақсақалдар кеңесі белгілейді.


Оқиға барысында көрермен тек ана мен баланың арасындағы байланысты емес, дәстүр мен адамгершілік арасындағы қайшылықты да көреді. Қыз бен ана бір-бірінен айырылғысы келмейді, бірақ дәстүр оларды бөледі.


Фильмде басты рөлдерді профессионал емес актерлер сомдайды: Изабелла Хампиева (Малика), Марена Харсиева (Роза), Саид-Магомед Хасаев және басқа да актерлер. Олардың табиғи ойыны мен шынайы эмоциясы фильмге ерекше әсер мен сенімділік береді.


Фильм түсірілімі кезінде мен сол халықтың бірнеше сөйлеу мәнерлерімен, тағамдарымен және өзге де дәстүрлерімен таныстым. Бұл тәжірибе мен үшін тек кәсіби емес, адамдық тұрғыдан да үлкен мектеп болды. Әрбір көрініс, әрбір диалог арқылы мен олардың өмір салтын, мінезін және дүниетанымын тереңірек сезіне алдым.


Әрбір күнім бұл ерекше жандармен бақытқа оралғандай болды. Ол күндерді асыға қатты сағынамын. Тіпті сол актерлармен әлі күнге дейін хабардамын.

 


Қорытынды

«Малика» фильмі – дәстүр мен әйел тағдыры арасындағы шынайы қақтығысты бейнелейтін ерекше жұмыс.
Фильм тек бір мәдениетті емес, бүкіл адамзатқа ортақ ұғымдарды қозғайды: отбасы, махаббат, жауапкершілік және сенім.


Бұл жоба мен үшін өмірдің бір парағы болып қалды. Себебі әр кадрда – адамның еңбегі, жүрегі және шынайылығы бар.


Осы жобадан кейін мен бір нәрсені түсіндім: қай ұлтта, қай елде болмасын, әйелдердің сезімі мен жүрегі бір-біріне ұқсас. Әлемнің түкпір-түкпірінде әйелдер бірдей мейірімді, бірдей нәзік және бірдей берік.


Бірақ өкінішке қарай, әлемнің кейбір елдерінде қыздардың өмірі ескі түсініктер мен әділетсіз дәстүрлердің салдарынан бұзылып жатады. Олар бақытқа лайық болса да, шектеулер мен қысымға тап болады. Осындай тағдырлар жанды ауыртады, ал фильм дәл сол шынайы жан айқайын көрсетеді.


Әйел адамның өмірі тек өзіне ғана емес, оны қоршаған адамдарға да байланысты.
Сондықтан қоғамның әр мүшесі әйелдің тағдырына, оның еркіндігі мен қадіріне бейжай қарамауы керек.


Қай халықтың адамы болмасын, өзіндік дәстүрлерден тек “ұят” деген ұғыммен тоқтайтынымыз анық.
Бірақ кейде сол ұят ұғымы – әділдік пен адамдықтың арасына кедергі болатынын ұмытпауымыз керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз