Өлең, жыр, ақындар

Қымбат той – қысқа неке ме?

   2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда шамамен 88 000 жұп ресми түрде некеге тұрған. Сол мәлімет бойынша ең көп некеге тұрған өңірлер:

  • Алматы қаласы — 14 254 жұп;

  • Астана қаласы — 10 142 жұп;

  • Түркістан облысы — 6 687 жұп.

Той өткізуге кететін шығындар да аз емес. Орта есеппен 150 адамға арналған дәстүрлі форматтағы тойдың құны 9 200 000 – 31 800 000 теңге аралығында. Басқа зерттеулер бойынша, орташа үйлену тойына шамамен 1,6–2 млн теңге жұмсалады. 2017 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта (9 жылда) жыл сайын орта есеппен 88 000 неке тіркелген деп есептесек, барлығы шамамен 792 000 жұп некеге тұрған. Бұл — соңғы он жылда шамамен 700–800 мың той өткен деген сөз.

Алайда зерттеулерге сүйенсек, осы жұптардың 80%-ы тойды несиеге өткізген, яғни шамамен 633 000 жұп той үшін қарыз алған. Өкінішке қарай, қарыздық ауыртпалық жас отбасылардың қарым-қатынасына кері әсерін тигізіп, 450–500 мыңға жуық отбасы ажырасқан.

Бүгінде Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде үшінші орында тұр. Оның негізгі себептері:

  • материалдық қиындықтар,

  • өзара түсініспеушілік,

  • отбасылық зорлық-зомбылық.

Материалдық қиындықтардың ішінде ең бастысы — той шығындары мен несие жүктемесі. Сарапшылардың айтуынша, жас жұбайлардың 80%-ы тойды несиеге алып, кейін оны өтей алмай, тұрмыстық дауларға ұрынады. Мысалы, еліміздің батыс өңірлерінде бір тойдың орташа құны 7–8 миллион теңге. Оның басым бөлігі дәстүрлерге жұмсалады. Қоғамда дәстүрдің саны көбейгенімен, олардың бәрі маңызды емес. Кейбірі керісінше — отбасыға салмақ түсіреді. Мәселен:

  • мөлшерсіз қалың мал сұрау,

  • сырға салу рәсіміне үлкен шығын шығару,

  • тойда жұлдыз шақыру дәстүрі,

  • жеңгелерге сыйлық беру сияқты формалды әдеттер.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қалмұрат  Нұрсұлтан


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз