Жапондар әлемде ең ұзақ өмір сүретін халықтардың бірі. 2025 жылғы статистика бойынша, Жапонияда ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 81,9 жас, ал әйелдердікі 87,3 жыл. Елде жасы 100-ден асқан адамдардың саны да өте көп.
• Жапондар — “икигай” деп аталатын ежелгі философия қағидаларымен өмір сүреді.
Бұл философия адамның өмірдегі мақсатын табуға, өз қабілеттерін толық қолдануға және стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Психологтар да «икигай» адамның ішкі үйлесімін нығайтып, өмірге деген сүйіспеншілігін арттыратынын айтады.
• Жапондар денсаулыққа ерекше жауапкершілікпен қарайды.
Елде салауатты өмір салты қалыпты нормаға айналған: адамдар көп жаяу жүреді, велосипедпен жүру кең таралған. Әрбір азамат жыл сайын міндетті медициналық тексерістен өтеді, ал аурудың алдын алу жүйесі жақсы жолға қойылған. Сондықтан созылмалы аурулардың деңгейі төмен.
• Жапондардың күнделікті ас мәзірі де ұзақ өмірге ықпал етеді:
Олар қантты және крахмалды тағамдарды аз тұтынады. Ас мәзірінде көбіне балық, теңіз өнімдері, көкөністер, күріш және соя тағамдары басым. Мұндай жеңіл әрі дәруменге бай тамақтану жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алып, денсаулықты сақтауға көмектеседі.
• Жапонияда отбасы бірлігі ерекше маңызды.
Қарт адамдарды қарттар үйіне тапсыру сирек кездеседі, себебі олар көбінесе балалары мен немерелерімен бірге тұрады. Жақындарының қолдауы мен қамқорлығы қарттардың өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне жағдай жасап, ұзақ өмір сүруіне оң әсер етеді
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Анешова Аяжан
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі