Қазіргі қоғам – даму мен өзгерістер кезеңінде. Бұрын қалыптасқан ережелер мен көзқарастар қайта қаралып, жаңа нормалар орнауда. Сол маңызды тақырыптардың бірі – гендерлік теңдік.
Гендерлік теңдік дегеніміз не?
Гендерлік теңдік – әйелдер мен ерлердің құқықтары, мүмкіндіктері мен міндеттерінің тең дәрежеде қаралуы. Бұл тек әйел құқығы туралы емес, қоғамда әділдік орнату жайында. Гендерлік теңдік әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуға тікелей әсер етеді.
Қазіргі таңда әлем елдері осы бағытта нақты қадамдар жасап келеді, соның ішінде Қазақстан да бар. Көптеген салада әйелдердің рөлі артып келеді: саясатта, бизнесте, ғылым мен шығармашылықта. Мысалы:
Қазақстан Парламентінде әйелдер үлесі – 27,1% (2021 жыл дерегі).
Мемлекеттік қызметкерлердің 55%-ы – әйелдер.
Алайда, жетекші лауазымдар мен ірі бизнес салаларында әлі де ер азаматтардың басымдығы байқалады.
Кедергілер мен стереотиптер
Қоғамда әлі күнге дейін «әйел үйде отыруы керек» деген түсініктер сақталған. Мұндай стереотиптер тұлғалық даму мен таңдау еркіндігіне шектеу қояды. Сол сияқты, «ер адам эмоция көрсетпеуі керек» деген стереотиптер ер азаматтарға да қысым тудырады.
Балаларға гендерлік теңдік идеясын ерте жастан түсіндіру – болашақ саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызды шарты. Мектеп бағдарламасына инклюзивті білім енгізу және отбасылық тәрбие арқылы тең қарым-қатынасты қалыптастыру – қажетті қадам. Гендерлік теңдік – тек заң жүзіндегі өзгеріс емес, санадағы өзгеріс. Әйел мен ер азамат қоғамда өз орнын еркін таңдауға тиіс. Бұл тек әйелдер қозғалысы емес, әділетті, тең және өркениетті қоғам құру жолындағы ортақ міндет. Гендерлік теңдікке қол жеткізу – ел болашағы үшін жасалатын қадам. Әр адам, ер немесе әйел, қоғамға өзінше үлес қоса алады. Ең бастысы – олардың еркіндігі мен құқығы.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бақытжанқызы Аяулым
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі