Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Мағауин — өмірбаяны, шығармалары

Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданына қарасты Баршатас ауылында дүниеге келіп, 2025 жылғы 9 қаңтарда (Қазақстан уақыты бойынша 10 қаңтарда) АҚШ-тың Мэриленд штатында өмірден озды.

Ол — кеңестік және қазақстандық жазушы, тарихшы, әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).

Білімі

1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы сол университеттің аспирантурасын тәмамдаған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1965 жылы бастаған.

«Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі болды;

1967–1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды;

Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті;

Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.

1983–1984 және 1987 жылдары еркін шығармашылық қызметпен айналысты.

1984–1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы болды.

1988 жылдан бастап «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды.

Марапаттары мен шығармашылығы

Мұхтар Мағауинге «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді (1984).
Сондай-ақ ол Қазақстанның халық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының иегері.

Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан алғаш рет бейнеленген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981–1983 жылдары жарық көрді.

Кейбір туындылары:

Әйел махаббаты

Беciншi түлiк

Бір атаның балалары

Зар заман сарындары

Құждың қу жілігі

Менің түрлі түстерім

Он жетi әйел алған Исақан ағам

Оң мен сол

Өлі мен тірі

Тазының өлімі

Шортанбай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар