Атырау облысында азаматтардың із-түссіз жиі жоғалып кетуі қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған өзекті әлеуметтік мәселе болып отыр. Жаңалықтарда және тұрғындар арасында бұл мәселе туралы жиі сөз қозғалады.Бұл жағдай тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне қатысты мәселе екенін көрсетеді.
Із-түссіз жоғалудың әлеуметтік себептері
Мамандардың пікірінше, адамдардың хабарсыз кетуіне бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Олардың қатарында тұрмыстық қиындықтар, жұмыссыздық, отбасылық түсініспеушілік, психологиялық күйзеліс және әлеуметтік қысым бар. Кей жағдайларда адамдар уақытша байланыссыз қалып, кейін өздігінен табылса, кейбір оқиғалар ұзақ іздеуді қажет етеді
2024 жылғы мәлімет бойынша елімізде жалпы шамамен 2 098 адам із-түссіз жоғалған ретінде тіркелген.
Атырауда жоғалған отбасы
Журналист Гүлмира Әбіқайдың парақшасында Атырауда іс түссіз ғайып болған отбасы жайлы тың деректер жария болды.25 желтоқсан 2025жылы өңірлік полицияға туыстарынан бүкіл отбасының жоғалғаны туралы хабар түскен.
Полиция іздеу жариялаған төрт ересек адам:
6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапқан.Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Жоғалған адам туралы дер кезінде полицияға хабарлау – ең маңызды қадам. Сонымен қатар, волонтерлік ұйымдар мен белсенді азаматтардың көмегі іздеу жұмыстарын жеделдетуге ықпал етеді. Қоғамның бейжай қалмауы, ақпаратты жауапкершілікпен тарату да үлкен рөл атқарады.
Атырауда және Қазақстанның басқа аймақтарында адамдардың іс түссіз жоғалу мәселесі-қоғамның назарында болуға тиіс маңызды тақырып.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Зинуллина Айсана
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі