Өлең, жыр, ақындар

Ерекше спорт түрі — кёрлингтің маңызы

     Қазіргі таңда кёрлингпен айналысатындар саны көп емес. Себебі бұл спорт түрі көпшілікке әлі де бейтаныс әрі өзгеше ойындардың қатарына жатады. Қазақстанда кёрлингпен шұғылданатын адамдар саны шамамен бірнеше жүз адамды құрайды. Бұл көрсеткіш әзірге төмен болғанымен, спорттың даму әлеуеті зор.

                                    

Кёрлинг — шыдамдылықты, дәлдікті және ұқыптылықты талап ететін спорт түрі. Бұл салаға тек физикалық дайындық қана емес, сабыр мен стратегиялық ойлау қабілеті де қажет. Сондықтан кёрлингке көбіне өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, салмақты шешім қабылдай алатын жандар бет бұрады.

Бұл спорт түрі жастарды жоғары деңгейдегі интеллектуалдық спортқа тартуға мүмкіндік береді әрі елдің халықаралық спорт аренасындағы беделін арттыруға ықпал етеді. Көптеген елдерде кёрлингті «мұз үстіндегі шахмат» деп атауы да бекер емес. Өйткені ойында тактика мен стратегия шешуші рөл атқарады. Кёрлинг жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға үйретіп, логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Ойынның мақсаты мен ережесі

Кёрлинг ойынының мақсаты — граниттен жасалған тастарды мұз үстімен сырғанатып, оларды нысананың ортасына мүмкіндігінше жақын орналастыру. Әрбір ұпай дәлдік пен есепке негізделеді.

Команда құрамы 4 ойыншыдан тұрады:

  • Lead — алғашқы тастарды лақтырады;

  • Second — келесі тастарды орындайды;

  • Third (Vice-skip) — тактикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі;

  • Skip — команда капитаны, соңғы әрі шешуші тастарды лақтырады.

Кёрлинг — тек спорт емес, ойлау мәдениеті мен сабырды қалыптастыратын ерекше ойын. Ол физикалық күштен гөрі ақыл мен стратегияға сүйенеді. Сондықтан бұл спорт түрін дамыту — жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, Қазақстанның қысқы спорттағы мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Орынбай Аружан​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз