Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

Наурыз – шығыс елінің бүкілхалықтық мейрамы, яғни, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мерекесі бүгінгі күнге  дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өткен. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Наурыз мейрамында адамдар бір – бірне  ақ тілек айтып, өкпе – назын ұмытып, кешірім жариялайды. Әр үйде дастархан жайылып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көже пісіріледі. Ұлттық ойындар ойналып, алтыбақан құрылып, ән мен күй шырқалады. Наурыз шығыс елдері үшін – бірліктің, татулықтың, көктемнің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Шығыстық данышпандар Махмұт Қашқари, Әбу Райхан Бируниден бастап Абай, Әлихан, Ахмет сынды қазақ ғұламалары да наурыз туралы еңбектер жазып қалдырған. Наурыз – ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, ел бірлігін нығайтатын маңызды мереке. Сондықтан Наурыз мейрамын құрметтеу, оның мән – мағынасын түсіну – әрбір ұрпақтың міндеті. 22 наурыз – тек мереке ғана емес, ол – халықтың бірлігін көрсететін маңызды күн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар