Бұл – Зигмунд Фрейд.Психологияның "скандалды атасы" тәуекелшіл тұлға. Ол өмірден өткеніне көп жыл болса да, идеялары әлі күнге дейін миллиондаған адамның жанын «емдеп» келеді. Біреулер оны данышпан дейді, біреулер тым батыл, тіпті шектен шыққан ғалым деп сынайды. Бірақ бір нәрсе анық: ол психология тарихын «дейін» және «кейін» деп екіге бөлген тұлға.
Фрейдтің ең үлкен жаңалығы – адамның мінез-құлқы тек саналы оймен емес, бейсаналы күштермен де басқарылатынын дәлелдеуі. Ол психиканы Ид, Эго және Суперэго деп үшке бөлді. Адам кейде неге өзі түсінбейтін әрекеттер жасайды? Неге кейбір қорқыныштар бала кезден келеді? Фрейд осы сұрақтарға алғаш жүйелі түрде жауап берді.Оның «түс жору» теориясы да үлкен жаңалық болды. *The Interpretation of Dreams* атты еңбегінде ол түстерді жай қиял емес, бейсананың сигналы деп түсіндірді. Бұл идея сол кезең үшін нағыз революция еді.
Фрейд тек психологияға емес, әдебиетке, киноға, философияға әсер етті. ХХ ғасырдағы көптеген жазушылар мен суретшілер адам жанының тереңдігін зерттеуге көшті. Психотерапия деген ұғым кең тарады. Бұрын адамдар психикалық қиындықтарын «әлсіздік» деп жасырса, кейін маманға бару қалыпты құбылысқа айнала бастады.
Бүгінгі күні депрессия, үрей, травма мәселелерімен жұмыс істейтін көптеген әдістердің түбінде Фрейд салған іргетас жатыр. Ол адамдарға өз эмоциясын түсінуге, ішкі жан дүниесіне үңілуге жол ашты.
Бұл жанның өміріде өзі-де қызық болған,тәуекелге көп барған жан.
Фрейд 1856 жылы дүниеге келіп, өмірінің көп бөлігін Венада өткізді. Ол Вена университетінде медицина оқыды. Кейін неврологиядан психоанализге бет бұрды.Ол туралы қызықты елең еткізетін факттардың бірі:Фрейд өмірінің бір кезеңінде кокаинді зерттеп, оны медициналық құрал ретінде ұсынған. Ол кезде бұл заттың зияны толық дәлелденбеген еді. Кейін ғылым оның қауіпті екенін көрсетті.
*Оның ғылыми еңбектері адам өмірін қалай сақтап жатыр*?
Фрейд негізін қалаған психоанализ қазіргі психотерапияның бастамасы болды. Терапия арқылы адамдар өз травмаларын өңдеп, ауыр эмоциялардан арылып, өз-өзіне зиян келтіру қаупін азайтады. Психологпен сөйлесу – көптеген адамдар үшін өмірді қайта бастау мүмкіндігі.
Бейсаналы конфликтілерді түсіну арқылы адам үрейін азайтады, қарым-қатынасын түзетеді, ішкі қысымды жеңілдетеді. Бұл – тікелей болмаса да, жан сақтау. Өйткені психикалық саулық – өмір сапасының негізі.
*Шынайы пікірлер*
Көптеген пациенттер терапиядан кейін «Мен өзімді алғаш рет түсіндім», «Жаным жеңілдеп қалды», «Өткенімді қабылдай алдым» деп жазады. Психологтар Фрейдті «батыл ойшыл» деп атайды. Ал сыншылар оны «тым сексуализациялады» деп сынайды.
Бірақ бір нәрсе өзгермейді: Зигмунд Фрейд – адам жанының тереңіне батыл үңілген алғашқы ғалымдардың бірі. Ол қайтыс болса да, оның идеялары тірі. Және сол идеялар арқылы мыңдаған адам өз өмірін жаңаша бастауға мүмкіндік алып отыр.
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі