0 «б» мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Сабақтың тақырыбы: « +», « -» таңбалары
Сабақтың мақсаты: .
1. Білімділік: Қосу және азайту амалдарының мәнімен, « +», « -» таңбаларымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Қарапайым есептер шығаруға үйрету, заттар тобын салыстыру дағдыларын бекіту.
3. Тәрбиелік: Қарапайым есептерді шығара отырып, ойлау және жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, дидактикалық материалдар,таңбалар, слайд.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру,
дәптермен жұмыс.
Іс – әрекет
кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс- әрекеті
Мотивациалық- ынталандыру кезеңі
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Түгендеу. Балалардың зейін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Шуақ шаша,алтын таңда
Мөлдір таза ауада.
Табиғатта бәрі оянды
Оян сенде бар бала!
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жадырайды жүздерің
Жарқырайды тобымыз
Сәлеметсіңдер ме? Балалар!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атайық.
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар бір – біріне жылы жүздерімен сәлемдеседі.
Ұйымдастырушылық- іздену кезеңі
Өткенді қайталау.
Алдымен ауызша жұмыс жүргізіледі.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санату.
Суретпен жұмыс.
Тақтаға суреттер іледі, бірнеше балалардан суретте не көріп тұрғанын сұрайды.
Яғни бұдан қорта айтқанда, мынадай ұғым қалыптасады. Келді, қосылды, ұшып келді деген сөздерді «+» таңбасымен алмастырамыз.
Мысалы: 2+1=3
1+3=4
Ал ұшып кетті, түсіп қалды деген сөздерді «-» таңбасымен алмастырамыз.
Мысалы: 5- 2=3
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма:Суретке қара.Не болғанын айт. Лаклейканы алып керек орындарға жапсырамыз.
3 мысық оған бір мысық келіп қосылды. Барлығы неше мысық болды?
3+1=4
4-1=3
2-тапсырма: Жазуға сурет таңда. Сызық арқылы қос.
Сергіту сәті
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
3-тапсырма.
Цифрлар қайда жасырынған?
4-тапсырма.
Шаршы үстінде, ал шеңбер астында болатындай етіп боя.
Шеңбер үстінде, ал шаршы астында болатындай етіп боя.
Рефлекциялық - түзету кезеңі
Жаңа сабақты бекіту.
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
+, - таңбасымен
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Сабақта +, -,= таңбаларын толық түсініп, білу керек.
Болу керек: Балалардың сөздік қоры, сабаққа деген қызығушылығы мол болуы керек.
Істей білу керек: Дәптермен жұмыс кезінде +, -, = таңбаларын түзу жаза білу керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі