Сезімнің жұмбағы 

Махаббатты табар біреу қиналмай
Ал біреулер, көп іздейді таба алмай
Махаббатты табу шіркін, болсағой
Шабттанып жыр жазғандай, оп-оңай

Көп іздедім, іздеп келем әліде
Жалықпадым, жалығуда жоқ мүлде
Өмірдегі өтірігім сол екен
“Сенсіз өмір сүре алмаспын мен мүлде”

Бұл өмірде ғашық жансыз өтембе?
“Сүю”деген маған сонша бөтен бе?
Кейде ыстық, ал кей кезде салқындап
Махаббатты, түсіне алмай кетембе!?

“Таптым ба?”деп қуанамын кей кезде
Бас айналып, көрмей мүлде көзімде
Менен алған махаббатқа мастанып
Қылық шығып, жоғалады ол лезде

Содан кейін басталады салқыны
Аңсап оны, еске алып әр түні
Сағыныштың суық лебі ескенде
Махаббаттың жылытпайды ескі үні

Қуантады, жылатады естіні
солған гүлдей, реңі кеткен бет-жүзі
Ойланамын кейде осы “Махаббат”
Бұл өмірде шыныменде барма өзі?

Авторы: Айғожина Нұрайым 


Ұқсас тақырыптар

Айғожина Нұрайым
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)