Өлең, жыр, ақындар

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Соц-к Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендерінің иегері.

Туған жері, ата-анасы

1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

*****

1936 ж Мәскеу Түсті металл алтын институтын бітірді. 1936-42ж. Балқаш, Алтай, Риддер, Лениногор кен орындарында басшы қызметін атқарды. 1942-52ж Қазақ КСР Халық Камиссарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болды. 1952ж сәуірде Қазақстан Ғылым Академиясының Призиденті болып сайланды. 1955-60 және 1962-64ж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1960-62ж және 1964-86ж Қазақстан КПОК-нің 1- хатшысы болды.

Ол басшылық қызмет атқара жүріп республикадағы тау-кен ісі, мұнай игеру, темір жол құрылысын дамытуға қомақты үлес қосты. Қазақстанда жаңа өнер кәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды.

Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түркменстанға беру жөніндегі орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. Мұнда Респ сарайы, ҚазМУ қалашығы, Арасан сауықтыру орталығы, Медеу спорт кешені, т.б. ірі ғимараттар бой көтерді. Алматыны тасқыннан қорғау үшін Медеу сайында үлкен бөгет жасалды.

1986 ж. СОКП Орт. Ком-нің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан КПОК-нің бірінші хатшылығынан босатылды. Орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Д. Қонаев ел басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, ой өрісі биік жан екенін көрсетті. 1993 ж. тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Мақалалары мен кітаптары

1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» (Алматыда және Мәскеуде басылды)

1992 жылы – «О моём времени», "Дәуір" баспасы

1994 жылы – «От Сталина до Горбачёва», Санат баспасы

1994 жылы – «Ақиқаттан аттауға болмайды», Санат баспасы

Дінмұхамед Қонаевтың ата-тегі жайлы не білеміз?

Қонаевтың ұлты кiм, руы кiм?

Димекеңнің қазақтың Ысты руынан шыққан, жеті атасынан бері тармақтағанда: Жолын, Нұрмамбет, Азынабай, Қонай, Жұмабай қажы, өз әкесі Меңліахмет сияқты діндар бабаларынан таралған нағыз қазақ екендігіне көзіңіз жетеді. Ұлы адамның есімінің Дінмұхамед деп қойылуының өзі тектен-текке болмаса керек.

Қызықты ақпараттар

Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.

Отбасында 11 баланың 4-шісі.

Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.

Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.

Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.

Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.

Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр.

Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?" – деп таңданады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Айсана

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қазақ тарихында ұлы тұлғаның бірі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз