Тренд пен бренд жастарға қалай әсер етеді?

Мақала
ТРЕНД ПЕН БРЕНД ЖАСТАРҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Әлеуметтік желі дәуірінде "тренд түсіріп,танымал боламын,брендті киіп,беделді көрінемін" дейтін жастар көбейді.Қазіргі таңда білім алудан гөрі инстаграмға контент жүктеуді бірінші орынға қойғандар аз емес.Бүгінде көпшілік жастар мен жасөспірімдердің ойы да,түрі де бірдей.Өйткені олар ТikTok-ғы оқырманы көп блогерді үлгі тұтады.Сол себептен олардың басым бөлігі ойын-сауық,арзан әзілге құмар.Миллиондаған қаралым мен лүпіл жинайтын контенттер мағынасыз биден және бос сөзден тұрады.Дегенмен ұлттық құндылығын қадірлеп,өскелең ұрпаққа пайдалы бейнелермен бөлісіп жүрген жастар да бар.Сол жастардың бірі-Нұрайым Қанатқызы.Ол-әлеуметтік желіде білімді брендке,дамуды трендке айналдыру жүрген студент.Оның айтуы бойынша әлеуметтік желіде белсенді болуына жастарға пайдалы боламын деген ниеті мен кітапқұмарлығы себеп болған.Сонымен қатар қазіргі таңда мағыналы контентті трендке айналдырып жүрген:Әділет Сапарғали,Әсел Ибадулла,Асель Амангелді,Меруерт Бижанова секілді білімді жастар қауымы бар.Осы саналы жастардан әрбір ұрпақ үлгі алуы тиіс.
Әлеуметтік желі-жастарға жаңа ақпарат алу мен жеке блогын дамытуға таптырмас құрал.Әйтседе жастардың дені пайдасыз контент пен мағынасыз трендті көруге құмар.
Қазақстан жастарының арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша INSTAGRAM-ды 79,8%,Tik-Tok-ты 63,9% респондент қолданатыны көрсетілген.14-18 жастағылардың 66,8%-ы ойын-сауық контентін,ал 21,2%-ы вирустық контентті жиі таңдаған.
Сауалнама нәтижесіне сүйенер болсақ,елімізде жастардың басым бөлігі әлеуметтік желі де отырады.Қазақстанда жастардың трендке еліктеп,өзге елдің мәдениетіне бет-бұруы да күнінің басым бөлігін виртуалды өмірде өткізуінен.Тренд пен брендтің желідегі танымалдығы жастар арасындағы бәсекелестік пен өзін төмен немесе жоғары бағалауына әкелуі мүмкін.Жастардың көбі трендтегі брендтік өнімді ата-анасынан үнемі талап етеді.Баласының көңілі мен қалауын қанағаттандыру үшін олар барын қымбат телефон мен бағасы аспандап тұрған бренд киімдерге жұмсайды.Жасөспірімдердің мектепке дәл сол дүниелерді қатарластарымен салыстыруы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі.Тренд пен бренд,әлеуметтік желі иллюзиясы жастардың психологиясына қатты әсер етеді.Бірі өзін төмен бағамдаса,бірі тәкәппарлыққа бой алдырады.Телефонға телмеріп,қысқа ақпаратқа тәуелді болған адам,кез келген істе сабырсыз болып,әрекет етуден бас тартады.Әлемдегі трендке елігіп,өз болмысымызды жоғалтып жатқанымызда айдан анық.Кітап оқитын жастан көрі,керексіз контентке телмеріп отыратындар көп.Сол себепті көптеген жасөспірімдер кибербуллинг пен интернет алаяқтықтың құрбаны болуда.Балалардың саналы жол қалыптастырып,қауіпсіздікте өмір сүруі мемлекетіміз үшін маңызды.Осы орайда Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге заңмен тыйым салуды ұсынды.Бұл бастама өз күшіне енсе,жастар әдебиетіміз бен тарихымызға үңіліп,ел болашағы үшін білім алары даусыз.
Жастар әлі де иллюзияның шырмауында жүр.Танымал блогерлердің өміріне қарап,"менің өмірім ондай емес"деп өздерін жегідей жеуде.Бұл мәселінің шешімі біреу-ақ ол-жастардың арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастырып,мәдени-ағартушылық жұмыстарын көбейту қажет.Санжар Керімбай,Елдос Тоқтарбай,Сейілбек Мырзабай сынды қазіргі қазақ зиялы қауымның еңбектерін оқу керек.Сол кезде ғана әлеуметтік желідегі бос трендтен бас тартып,брендке қыруар қаржымызды құртпаймыз.Жастар үшін білімді брендке,тәрбиені трендке айналдыратын ұлт болуымыз керек.
 

 


Ұқсас тақырыптар

әлеуметтік желі тренд бренд
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)