Көкшетау қаласы №17 орта мектеп
Орындаған:Алшынбай Хансұлу 1 «г» сынып оқушысы Мұғалімі: Шамиганова Алмагуль Манаповна
Бөлме өсімдіктері
Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады.Бөлме гүлдері кеңсенің, үйдің сәні болып табылады.
Бөлме өсімдіктерінің тарихы туралы.
«Оларды алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені ол өсімдіктердің тұқымы мен өскіні алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй ішінде өсіп-өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме өсімдіктері» деп аталады. Олар өз Отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта тіршілік етеді. Біз де соған ұқсас жағдай жасауымыз керек.
Өсімдік түрлері.
Өсімдіктің негізгі топтарына тоқталайық:ағаштар,бұталар,шөптер.
Өсімдіктің әр тобының көптеген түрлері болады.
Ағаштар:
қайың, емен, қарағай, көктерек, терек, шырша, қарағаш, жөке, жеміс ағаштары, т.б.
Ағаштар мәңгі жасыл болып тұратын, жапырақтары ине сияқты болып келетін және күзде жапырағы сарғайып түсетін, жалпақ жапырақты ағаштар болып бөлінеді. Ағаш – діңі жақсы жетілген, бойы 2 метрден кем емес көп жылдық өсімдік (суреттері беріледі).
Бұтаның түрлері:
таңқурай, итмұрын, қарақат, жыңғыл, бөртегүл, шеңгел, т.б. Бұталар ағашқа қарағанда аласалау болады. Әрі олардың сабақтары болады (суреттері беріледі).
Шөп тектестер:
жоңышқа, бақбақ, көкнәр, селеу, бидайық., күнбағыс, бидай, т.б. Шөптер – бұл кәдімгі жұмсақ, жіңішке сабақтары бар өсімдіктер. Шөптер біржылдық: бидай, күнбағыс, т.с.с және екі жылдық: орамжапырақ, сәбіз, шалғам т.с.с немесе көпжылдық: бидайық, жоңышқа, бақ-бақ т.с.с. болады.
Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді.
Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Біз өсімдіктерді қалай күтіп баптау керектігін білеміз.
Бөлме өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар:
1. Оларды іріктеп алу;
2. Өсіру;
3. Баптап күту.
Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді.
Бөлме өсімдіктері өте пайдалы.Олар бөлменің ауасын тазартады, ондағы көмір қышқыл газын сіңіріп, оған оттегін бөліп шығырыды. Ал егер өсімдіктердің көлемі үлкен болып, бөлмеге жарықтың енуіне кедергі жасаса, ол зиянды.Сондай ақ өсімдіктер күтілмесе, онда оның жапырақтары «шаң-тозаң жинағышқа» айналып, түнде олар да оттегін сіңіреді. Сөйтіп, бұл жағдайлар өсімдіктердің пайдасынан гөрі зиянын арттырып, бөлме ауасын «тарылтады». Сондықтан бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының шаң-тозаңдарын ылғалды шүберекпен сүртіп, тазартып отыру қажет.Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді де ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
мадина
Бөлме өсімдіктері фото
Айсана
жаксы маган унады малимет
Казезбек Акмарал
мағанда унады керекті мәлімет екен
Махаббат
Өте жақсы қажетті мәліметтер көп маған ұнады
Балжан
Күшті
Анеш Карлыгаш
Орысша жокпа
макпал
кушты
Бұл мәлімет менің көңілімнен шықты ол өте жақсы мә
Бұл мәлімет менің көңілімнен шықты ол өте жақсы мәлімет
Airel
Ote keremet.Magan kerek malimetterdin bari bar
Myrza
керемет
Инабат
Болме осимдиктері туралы айтылмаган гой,Бута туралы емес өсімдік туралы сурадык
Талғат
Керемет, өте пайдалы кеңес