Зиянды әдетінен арылған шылымқорлар көп жағдайда артық салмақ жинайды.
АҚШ ғалымдары өздерінің жаңа зерттеулерінде шылым шегу ағзаға майды жаңқалауға көмектесетін геннің белсенділігін күшейтетінін дәлелдеген. Зерттеу нәтижелері Chest журналында жарияланған.
Көптеген адам шылым шегуді доғарған соң неге салмақ жинайтыны ғалымдарды бұрыннан қызықтырып келеді. Бұған тәбеттің жоғарылуы, сонымен қатар, әдетте никотин жеделдетіп жүрген метаболизм деңгейінің төмендеуі себеп ретінде аталған болатын.
Нью-Йорктағы Корнель университетінің дәрігері Холи Ванни (Holly Vanni) мен оның әріптестері шылым шекпейтіндермен салыстырғанда шылым шегетіндердің тыныс жолындағы жасушаларында AZGP1 генінің белсенділігі жоғары екені анықталған. Бұл ген майды жаңқалау мен салмақты тұрақтандыруға қатысатындықтан, шылым шегушілердің екіншілеріне қарағанда арықтау болатыны және шылым шегуді доғарған соң салмақ жинайтыны осыдан болуы мүмкін.
Зерттеулерге сүйенсек, шылым шегу мен салмақтың байланысы молекулярлық негізге ие, нақтырақ айтсақ, шылым шегу кезінде AZGP1 генінің белсенділігі артады. Бұл генді зерттеумен байланысты алдыңғы зерттеулер бұл геннің тышқандардың май мөлшерін реттейтінін көрсеткен, сонымен қатар, қатерлі ісікке ұшыраған және осының салдарынан салмақ тастаған аурулардың жасушаларында AZGP1 генінің белсенділігі артуы мүмкін.
Дегенмен, бұл шылым шегуден бас тартудан салмақ қосу генетикалық бейімділіктің салдарынан болатынын білдірмейді. Ғалымдардың пікірінше, шылым шегу мен салмақтың ара-қатынасы әлдеқайда күрделі, және бұл процесске тамақтану мен физикалық белсенділік сияқты көптеген факторлар әсер етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі