Өлең, жыр, ақындар

1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды

АСТАНА. 15 қаңтар. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Соған орай 1 наурыз – Алғыс айту, ал сәуір айының бірінші жексенбісі – Геолог күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Елбасы 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады. Біздің отбасымыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыларды қабылдады», – деген болатын.

Сонымен қатар Президент: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деді.

Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер қатары толықты.

Дерек: Ақорданың баспасөз қызметі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Гүлдаурен

маган Нурлы көш жайлы малмет бернздерш өтинем

Мандина

Сұрақтарды мана сілтеме арқылы өтіп қойыңыз: http://qa.bilim-all.kz/

несібелі

Маған осы тақырыпта шығарма керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар