Қазпоштаның еліміздің қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жатқанын мақтан тұтамын – Сәкен Сәрсенов — Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі материал.
Материал — қазпочта, теңге, қаржы жүйесі — осы тақырыптарға байланысты.

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов төл теңгеміздің 25 жылдығымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Құрметті əріптестер, қаржы саласының мамандары!
Қазақстанның ұлттық валютасы күнімен жəне еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кəсіби мерекесімен құттықтаймын», – деді С. Сәрсенов.
Өз құттықтауында ол: «Мен Қазпоштаның осы уақытқа дейін еліміздегі қаржы жүйесінің дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқанын мақтан тұтамын. Біз əр күн сайын қаржылық қызметтерді кеңейту, төлем құжаттарының жұмыс сапасын жетілдіру, жаңа сервистерді дамыту жұмыстарын жүргізудеміз. Қазпошта ұжымына осы қажырлы еңбегі үшін риясыз алғысымды білдіремін», – деді.
Сондай-ақ, Басқарма төрағасы Қазақстанның жаңа қаржы тарихын қалыптастыруға үлес қосып келе жатқан əр адамға зор денсаулық, табыс жəне қаржылық тұрақтылық тіледі.
Айта кетейік, Қазақстан үшін 1993 жылдың 15 қарашасы Ұлттық валюта күні болып есептеледі. 1993 жылдың 12 қарашасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді. Араға үш күн салып, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.
Қазіргі кезде «Қазпошта» АҚ филиалдары арқылы көптеген қаржылық қызметтерді ұсынады. Ол арқылы коммуналдық төлемдерді төлеуге, екінші деңгейлі банктердің қызметтерін алуға болады.
Бұл бетте Қазпоштаның еліміздің қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жатқанын мақтан тұтамын – Сәкен Сәрсенов тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Қазпоштаның еліміздің қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып жатқанын мақтан тұтамын – Сәкен Сәрсенов материалы Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі