Атырауда Telegram каналы арқылы 2 мыңнан аса өтінім қаралған

Басты бет / Қазақстан жаңалықтары / Атырауда Telegram каналы арқылы 2 мыңнан аса өтінім қаралған

Атырауда Telegram каналы арқылы 2 мыңнан аса өтінім қаралған — Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — Атырау облысы, Telegram, Цифрлық Қазақстан — осы тақырыптарға байланысты.

Атырау облысы әкімдігі Telegram чат-каналы ашылғалы 2200-ден аса өтінімдерді қарады. Ал, «Атырау Цифрлық Қабылдау» мобильді бағдарламасына 2018 жылдың басынан бері 1087 шағымдар келіп түсіпті. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік тұрғындармен байланыс орнату мақсатында әлеуметтік желілер мен мобильді бағдарламалардың көмегін пайдаланады. Мәселен, WhatsApp қосымшасы мен Telegram каналдарын айтсақ болады. Бұлар өз кезегінде тұрғындармен байланыста тиімділігін көрсетті.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, өңірде 2016 жылдан бастап қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысын жандандыру мақсатында шаралар басталған болатын.

«Тұрғындар тарапынан олардың жұмыстарына, кері байланыстың жоқтығына, сұранымдар мен шағымдарға жай әрекет етулеріне қатысты наразылықтар болды, WhatsApp қосымшасы арқылы барлық негізгі коммуналдық қызметтерге жедел желі аштық, ол жұмыстың жеделдігін, тиімділігін жоғарылатты», – делінген хабарламада.

Аймақта «c» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Тelegram қосымшасы арқылы «Атырау облыстық әкімдігі» мен «Атырау Цифрлық Қабылдау» чат-каналдары жұмыс істеуде.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың айтуынша, мобильді қосымшалардағы чат-каналдарды ашудағы мақсат – жергіліктi атқарушы органдардың қызмет сапасын арттыру және халықтың сауалдарына тезірек жауап беру.

«Чат-канал мен мобильді қосымшалар арқылы көрсетілетін қызметтер жергілікті атқарушы органдарға елдімекендердегі мәселелерді анықтауға септігін тигізеді. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға, халықпен ашық диалог орнатуға ықпал етеді. Оларды ашудағы мақсат- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуін, жауап беруін қолжетімді қылу», - деп атап өтті С. Шапкенов.

Тағы да айта кететін жайт, әкімдік электрондық форматта мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында бірқатар істер атқарып жатыр. Мәселен, онлайн-құралдарды айтсақ болады. Бұл процестердің барлығы біртіндеп кезең-кезеңімен жүзеге асып, автоматтандылады. Осы ретте, жергілікті атқарушы органдар арқылы 600-ден аса қызмет көрсетілетін болады.

Қазіргі таңда әкімдіктің ашқан мобильді қосымшасы мен чат-каналының қызметін 7 мыңнан астам тұрғын пайдаланады екен. Сондай-ақ, 2017 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы әкімдігі және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2,7 млн. қызмет көрсетілген. Оның ішіндегі 1 176 412 мемлекеттік қызмет – ХҚКО-ларға тиесілі болса, 1 531 984 мемлекеттік қызмет – әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асқан. Ал, 2018 жылдың басынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарымен 648 915, әкімдік арқылы 611 095 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Атырауда Telegram каналы арқылы 2 мыңнан аса өтінім қаралған деген не?

Бұл бетте Атырауда Telegram каналы арқылы 2 мыңнан аса өтінім қаралған тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Атырауда Telegram каналы арқылы 2 мыңнан аса өтінім қаралған материалы Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар Атырау облысы тақырыбындағы материалдар Telegram тақырыбындағы материалдар Цифрлық Қазақстан тақырыбындағы материалдар