Қазпошта ШҚО-да «Е-ПИК» жобасын енгізуде

Басты бет / Қазақстан жаңалықтары / Қазпошта ШҚО-да «Е-ПИК» жобасын енгізуде

Қазпошта ШҚО-да «Е-ПИК» жобасын енгізуде — Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі материал.

Материал — Қазпошта, ШҚО — осы тақырыптарға байланысты.

Шығыс Қазақстан облысында Қазпошта АҚ облыс әкімдігімен бірлесіп, «Е-ПИК» жобасын енгізуде.

«Е-ПИК» жобасын енгізудің арқасында көппәтерлі үйлердің тұрғындары әкімдік пен тұрғын үй кооперативтеріне өтініш қалдыра алады. Сонымен қатар тұрғын үйлерге қажетті қызметкерлерді тіркейді: медицина қызметкері, учаскелік полиция, сантехник, электрик және т. б.  
21 қазан күні «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов ШҚО-ға Қазпошта ұжымымен кездескен болатын. Кездесу барысында қызметкерлермен электронды сауда жобалары жөнінде бірқатар жоспарларын талқылады.

Кездесу кезінде Басқарма төрағасы бизнес, IT, HR және e-commerce блоктарына жетекшілік ететін басшылармен бірге әріптестердің сұрақтарына жауап беріп, компанияның стратегиялық дамуы бойынша жоспарымен, электрондық сауда жобаларын ілгерілету, сатуды ынталандыру мен бонустық бағдарламалар туралы ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, С. Сарсенов іссапар кезінде «Аль-Фараби» ЖШС  өкілдерімен кездесіп, жұмыс мәселелері мен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

«ШҚО-да Қазпошта-пен Семей, Аягөз, Өскемен қалаларынан және бірнеше аудандардан 6 компания франчайзингтік модель бойынша жұмыс туралы келісім жасады», – деп айтып өтті ол.

Айта кетелік, бүгінгі таңда аталған өңірдің Қазпошта операторлары 10 қалаға, 15 ауданға және 752 ауылға қызмет көрсетіп отыр. Ал қызмет көрсететін жұмысшылар саны 1,5 мыңға жуық адамды құрайды екен.

Ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша филиал 4 жаңа сату нүктелерін, қосымша айырбастау пункттерін ашты, төлемдерді қабылдау кассалары жоқ ғимараттарда 23 банкомат пен 11 өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын іске қосып отыр.

Кездесу соңында, басшы компанияның 25 жылдығына орай, дәстүр бойынша Қазпошта Шығыс Қазақстан филиалының еңбек сіңірген қызметкерлерін дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттап өтті.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазпошта ШҚО-да «Е-ПИК» жобасын енгізуде деген не?

Бұл бетте Қазпошта ШҚО-да «Е-ПИК» жобасын енгізуде тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазпошта ШҚО-да «Е-ПИК» жобасын енгізуде материалы Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі басқа материалдар Қазпошта тақырыбындағы материалдар ШҚО тақырыбындағы материалдар