Қазпошта 1 жылда 100 франчайзинг нүктесін ашты — Қазақстан жаңалықтары бөліміндегі материал.
Материал — Қазпошта, франчайзинг — осы тақырыптарға байланысты.

Пошта операторы 2018 жылдың басында «Қазпошта қызметтерін үшінші тұлғалар арқылы көрсету үшін франчайзинг моделін енгізу» жобасын бастаған болатын. Жобаның басты мақсаты – пошта қызметтерін халыққа қолжетімді ету.
«Бүгінгі күні Қазақстанның барлық қалаларында Қазпоштаның 100 франчайзер-серіктестері жұмысын атқарады», – деп хабарлады Қазпоштаның баспасөз қызметі.
«Біз франчайзер-серіктестерімізге дайын бағдарламаны ұсынамыз, қызметкерлерін үйретіп, ұйымдастырушылық және маркетингтік, сондай-ақ көліктік-логистикалық сүйемелдеу жұмыстарын көрсетеміз. Мұндай серіктестіктің арқасында шағын және орта бизнестер табыс табуда, ал Қазпошта өз желісін кеңейтуде», – дейді «Қазпоштаның» коммерциялық департаментінің директоры Замира Жұмағұл.
Енді пошта бөлімшелеріне бармай-ақ сәлемдемелерді алуға немесе жіберуге, әуе және терміржол билеттерін сатып алуға, коммуналдық төлемдерді және салықтарды төлеуге болады. Кәсіпкерлер дүкендерінде, жанар-жағармай құю станцияларында және басқа да жерлерде Қазпоштаның қызметтерін көрсетіп, сонымен қатар өз тауарларын сата алады.
Анықтама үшін айта кетсек, франчайзинг – белгілі бір компания келісімшарттық қатынас арқылы белгілі бір адамға, компанияға немесе ұйымға өзінің атауын, оның беделін, өнімдері мен қызметтерін, маркетингтік технологияларды, сараптаманы және қолдау механизмдерін пайдалану құқығын беретін бизнес-ұйым үлгісі.
Бұл бетте Қазпошта 1 жылда 100 франчайзинг нүктесін ашты тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Қазпошта 1 жылда 100 франчайзинг нүктесін ашты материалы Қазақстан жаңалықтары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Жомарт
франчайзи Нақты қандай қызмет атқару ға болады. Тізімін жіберіңіздер